АҚСУ МЕШІТІ МЕДРЕСЕГЕ БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕНІҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТТІ (ФОТО)
АҚСУ МЕШІТІ МЕДРЕСЕГЕ БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕНІҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТТІ (ФОТО)
01.02.2024 11:06
323
0

Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжі  ҚМДБ-ның қолдауымен 2009 жылы ашылған исламдық арнаулы орта білім беретін оқу мекемесі. Қазірде медреседе 40-қа жуық шәкірт білім алуда.

Медреседе білім алып жатқан шәкірттермен білім беруші ұстаздардың қолайлы жағдайын жасау үшін  өңірлік мешіттер тұрақты көмек көрсетіп, қолғабыс жасап келеді.

Жуырда Ақсу қалалық мешітінің бас имамы Омаров Әбдімүтәлидің ұйымдастыруымен «Әбу Бәкір Сыддық» медресесіне Ақсу қалалық мешіт атынан бір қой,  850 мың теңгенің азық-түлігі  және қаржылай қайырымдылық көмегін жасалды.

Жақсы істер жалғасын таба берсін!

0 пікір