«ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫНЫҢ» 2024 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫНЫҢ» 2024 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
06.02.2024 23:44
217
0

Облыстық орталық  «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде өкілдіктің «Әйел-қыздар секторының» 2024 жылы атқаратын жұмыс жоспарын талқылауға арналған жиын өтті. Оған облыс бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы қатысты.

Бас имам «Әел-қыздар секторының» 2024 жылға арналған жылдық жоспарына танысып, аталмыш жоспар бойынша ұстаздарға  тапсырма берді.

Сонымен қатар жоспарға сәйкес  ұсыныстар айтып, жұмыстың жақсы жүруі үшін бағыт бағдар беріп, пікір алмасты.

«Әйел-қыздар секторының» жетекшісі Турғынбай Ақерке өкілдікке қарасты мешіт ұстаздарымен ақылдаса отырып, дін мен дәстүр сабақтастығы, уағыз насихат, мәдени және қоғамдық іс шаралар мен жоспарға сәйкес орындалу  мүмкіндігін жан-жақты талқылады. Жоспарды толық та нәтижелі орындау үшін  тұрақты да белсенді жұмыс жүргізуге пәтуаласты.

 

0 пікір