«ӘБУ БӘКІР СЫДДЫҚ» МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІ
«ӘБУ БӘКІР СЫДДЫҚ» МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІ
25.07.2016 11:01
6735
0

«ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИСЛАМИ ДІНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ

«ӘБУ БӘКІР СЫДДЫҚ» МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІ

2019-2020 оқу жылына талапкерлердің өтініштерін қабылдау 25 шілде мен

19 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Талапкерлерге оқуға түсу үшін  дайындық курсында оқу басталды.

   Әбу Бәкір Сыддық медресесі  0112000 - Исламтану, біліктілігі: 0112013-имам хатиб, мамандарын даярлайтын оқу орны.

   Кәсіби білім аясында білім беру қызметін жүргізу құқығы бойынша ҚР            Білім және ғылым министрлігі берген № 14005314 мемлекеттік лицензиясы.  

   Медресеге жалпы орта білімі бар ер балалар қабылданады. Оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай. Студенттер тамақ және жатақханамен қамтамасыз етіледі.

   Медреседе жоғары білімді исламтанушы, дінтанушы мамандар дәріс береді. Олардың ішінде араб елінен шақырылған арнайы ұcтаз да бар.

   Оқуды тамамдаған түлектерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріліп, қызметпен қамтамасыз етіледі.

   Білімді де білікті және салауатты маман болып қалыптасуына барлық жағдайлар жасалған. Медресенің оқу ғимараты лекциялық аудиториялар, кітапхана, интернет желісіне қосылған компьютер залы, жатақхана, мешіт,  спорт алаңы, асхана, және басқа да материалдық базасымен толық қамтамасыз етілген. 

  Исламтану мамандығына түсуші талапкерлерден құжаттар 19 тамызға дейін қабылданып, 20 тамызда Қазақстан тарихы мен қазақ тілінен кешенді тестілеу өткізіліп оқуға қабылданады.

  Медресе талапкерлері емтихан нәтижесі бойынша қабылданады.

  Оқуға түсуге қажетті құжаттар тізімі:

  • Өтініш;
  • Жергілікті имамның жазған ұсынысы;
  • Аттестат немесе диплом (тұпнұсқа);
  • 3-4 мөлшердегі 6 фотосурет;
  • 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;
  • 063 үлгідегі егу  туралы анықтама;
  • Жеке күәлік көшірмесі;
  • Наркодиспансерден, психодиспансерден анықтама;
  • Сотталмағандығы туралы анықтама;
  • Тұрғылықты жерден анықтама;
  • Әскери билет немесе әскерге шақыру туралы куәлігі.

 Мекен жайымыз:Павлодар қаласы, Павлодар ауылы, Абай көшесі 41,

«Қасым қажы» мешітінің аялдамасы.( №44 автобус жүреді)

 Байланыс тел.: 8 747 400 4595, 8 707 104 4198

abubakirsyddyk2015@mail.ru

 

ДІНИ ОҚУ ОРНЫН ДҰРЫС ТАҢДАҢЫЗ!

«Мәшһүр Жүсіп Құран жаттау орталығы»

ДІНИ ОҚУ ОРНЫНДАРЫ

0 пікір