АТА-БАБА АРУАҒЫ ҚОЛДАП ЖҮРЕДІ ДЕГЕНІ РАС ПА?
25.06.2020 14:23
1238
0

Елбек Тасболатұлы "Мәшһүр Жүсіп" мешітінің наиб имамы Павлодар облысы бойынша пәтуа маманы Аруақ сөзі араб тілідегі рух сөзінің көпше түрі. Құранда: «Сенен рух жайлы сұрайды. Сен айт: «Рухтың не екенін тек раббым біледі, сендерге өте аз мәлімет берілген»» (Исра сүресі, 85). Әрі Құранда: «Сосын оны тәмәмдап, оған қабілет беріп рухынан оған үрледі…» (Сәжде сүресі, 9). Қазақ халқының дүниетанымында «Аруақ қолдасын!» деген мағынадағы сөз соңғы кездері көп таласқа себеп болып жүргені жасырын емес. Исламның негізгі өзегі тәухид қағидасына сүйенеді. Барлық күш-құдырет иесі – Алла ғана. Оған қазақ халқы күмән келтірмейді. Олай болса қолданыстағы бұл сөз исламның «тәуид» түсінігіне қайшы келмей ме деген заңды сұрақ туындайтындығы сөзсіз. Бір нәрсенің мәнін түсіну үшін ұғымдарға дұрыс анықтама беру керек. Құранда да хадистерде де құлшылық тек Аллаға жасалады. Ал қолдау сөзінің мағынасы табыну сөзімен синоним емес. Қазақта періштесі қолдапты, қағыпты деген сөз де қолданылады. Егер Құдыретті жаратушы рұқсат берсе, әмір берсе періште де аруақ та қолдауы әбден ықтимал. Себебі, жоғарыдағы Құран аяттарында айтылғанындай рухтың сипаты пенде түсіне алмайды. Алла өзінің тарапынан қандай рух үрлегенін де ешкім түсіне алмақ емес. Демек, Алла өлген адамның рухына мәңілік өмір беретіндігіне сенеміз. Ал мәңгіліктік, Әууәл-Ахир тек Алла олай болса, рух қалай мәңгілік болмақ. Міне, рух туралы білмейтініміз көп. Сондықтан Алланың әмірі шеңберінде егер рухтарды жақсы және жаман деп бөлсек, дінде бұл туралы пікірлер бер, Алла жақсы рухтарға еркіндік (қияметке дейін) берілетіндігі айтылады. Оның үстіне тағы бір тылсым дүние бұл – адамның түс көруі. Адам түсінде белгілі адамдарды көріп, олардың берген нұсқауын орындауы бек мүмкін. Сондықтан туылмаған балаға ат қою, аян арқылы, болатын жағдаяттарға болжам жасау орын алып жататындығы жалған дүнелер емес. Сондықтан рух қолдамайды, қолдай алмайды деп кесіп айту орынды емес. Бірақ мұны табыну мағынасында қолдану қауіпті. Табыну тек Жаратушыға бағытталады. Сондықтан ұғымдар мен сөздерді орынды түсініп, орынды қолданған жағдайда ешқандай да «тәухид» сеніміне қайшы келмейтіндігін байқаймыз. Анығын Алла біледі. Кеңшілік ТЫШХАН дінтанушы, ф.ғ.к. Ескерту: Толық түсіну үшін аудионы соңына дейін тыңдау керек. Жеке-жеке қиып пайдалануға тыйым салынады!

0 пікір