ҰБТ-дан көп балл жинау үшін ақша берсем бола ма?
ҰБТ-дан көп балл жинау үшін ақша берсем бола ма?
19.05.2015 16:12
1970
0
Сұрақ:

ҰБТ-дан көп балл жинау үшін ақша берсем бола ма?

Жауап:

ҰБТ-дан көп балл жинауды мақсат еткен жас түлек сабаққа тыңғылықты дайындалып, емтиханды жақсы тапсыруы тиіс. Емтиханның нәтижесі жақсы болса, Аллаға шүкір етіп, ал өтпей қалған жағдайда үмітсіздікке салынбауы керек. Қасиетті Құранда: «Сендердің ұнатпаған кейбір нәрселерің өздеріңе қайырлы болуы мүмкін. Сендердің кейбір ұнатқан нәрсе сендерге зиянды болуы мүмкін»[1] деп біздің ҰБТ-дан өтпей қалуды ұнатпағанымызбен сол өтпей қалу біз үшін қайырлы болуы да мүмкін екенін айтады.

ҰБТ-да көп балл жинау үшін пара беру (ақша беру) – ауыр күнә. Имам Матуриди: «Олар өтірікке құлақ салушылар, харам табыс (пара) жеушілер»[2] деп «сүхт» сөзінің пара алу екенін, ал пара алу харам табысқа жататынын айтса[3], Абдулла ибн Амр (р.ғ): «Алла елшісі (с.ғ.с) пара берушіні де, алушыны да лағынеттеді»[4] деген, яғни ҰБТ-да көп балл жинау үшін пара беру айықпас күнәға бату деген сөз. Неге десеңіз, бұл дүниедегі мамандығыңызды пара беру арқылы адал жолмен емес, арам жолмен бастадыңыз. Ол – өмірлік қорегіңіз.

Сондықтан, ҰБТ сынағы екі дүние өмірінің шешуші сынағы емес, ол өмірдің жәй бір баспалдағы екенін естен шығармай, Алла тағаладан әрдайым екі дүниеде де қайырлы істі сұраған жөн.

                                                                     Абдусамад Оқан

[1] Бақара сүресі, 216-аят.

[2] Мәйда сүресі, 42-аят.

[3] Бәкір Топалұлы, Тәуйлатул Құран ли Әби Мансур әл-Матуриди, 4-том, 233-бет.

[4] Мұхаммад Абдуррахман ибн Абдуррахим әл-Мұбаркафури, Түхфатул әхзауй шархү жамиғит Термизи, 1336-хадис.

  Басқа сұрақтар   

Алған қарызды қайтармаудың үкімі.
Бақсы-балгердің айтқандарына сенуге бола ма?
Дәрет қалай алынады?
Қонақасы кезінде ер-әйелдердің аралас жүруі.

Намаз оқымайтын жанның үкімі.
Шаңы бар киімге тәяммүм соғуға бола ма?
Соңғы сапта жалғыз намаз оқудың үкімі.
Өлім шыққан үйде құран оқу шариғатта дұрыс па?
Азаматтық некенің шариғи үкімі қандай?
Намаз біткен соң намазхандардың қол алысуының үкімі қандай?
Хиджаб киетін қыздардың көшеде боянып жүруіне бола ма?
Пластикалық ота жасату шариғатта дұрыс па?
Қыз беріп, қыз алысуда жеті атаға қарамаса бола ма?
Дуаланған адамды емдеуге бола ма?
Намазда қанша рәкағат оқығаным жайлы күмәндансам не істеймін?
«Фатиха» сүресінде кездесетін «ض» әріпін қалай оқыған дұрыс?
Ханафи мәзһабындағы дәрет парыздары
 Қыздар неше жасында тұрмыс құрғаны жөн
Ажырасқаннан кейін балалар кімде қалады?
Некесіз бала... күнә ма? 

 11 жастағы қызға жүзу үйірмесіне баруға бола ма?
 Дұға жасағанда «Иншә Алла» сөзін айтуға бола ма?

 

 

0 пікір