Некесіз бала... күнә ма?
Некесіз бала... күнә ма?
11.05.2015 10:14
22536
0
Сұрақ:

Жасы келген қыз, жалғыз қалудан қорқып, тек балалы болу мақсатында қарым-қатынаста болуы күнә ма?     

Жауап:

Жалғыздық бір Алла тағалаға ғана жарасатын іс. Адам ата жаратылысымен жалғызсырамасын, өмірдің ащы-тұщысын бірге көрсін, ұрпақ көріп өсіп-өнсін деп Хауа ананы жаратқан. Бұл өмірдің заңдылығынан өзіне лайықты жар табылған әркімнің бас тартуға құқығы жоқ.
Ал кімде-кім түбегейлі бірге өмір сүруді мақсат етпей, ебін тауып бір бала тауып алайын деген ниетпен уақытша бір еркекпен араласып, жақындық қатынаста болуы зинаның дәл өзі. Бұл фиқһта тыйым салынған «Никахул мүтға, никахул муаққатқа» ұқсайды[1].

Алла елшісі (с.ғ.с): «Әрбір істің соңын күтуде жақсылық бар. Ақырет ісі ғана кешіктірілмейді»[2] деп дүние ісінің қатарына жататын отбасылық өмірдің хайырлы екенін айтады. Сондықтан, кешіктіруге болмайтын ақыреттік істерімізге көңіл бөлген жөн. 

Абдусамад Оқан

[1] Молла Әли Қари, Фәтху бабил ғинәя фи шархи китәбин ниқая, 2-том, 361-бет.

[2] Мирқатул мәфатих шарху мишкатил масабих, 5057-хадис.


Басқа сұрақтар 

Алған қарызды қайтармаудың үкімі.
Бақсы-балгердің айтқандарына сенуге бола ма?
Дәрет қалай алынады?
Қонақасы кезінде ер-әйелдердің аралас жүруі.

Намаз оқымайтын жанның үкімі.
Шаңы бар киімге тәяммүм соғуға бола ма?
Соңғы сапта жалғыз намаз оқудың үкімі.
Өлім шыққан үйде құран оқу шариғатта дұрыс па?
Азаматтық некенің шариғи үкімі қандай?
Намаз біткен соң намазхандардың қол алысуының үкімі қандай?
Хиджаб киетін қыздардың көшеде боянып жүруіне бола ма?
Пластикалық ота жасату шариғатта дұрыс па?
Қыз беріп, қыз алысуда жеті атаға қарамаса бола ма?
Дуаланған адамды емдеуге бола ма?
Намазда қанша рәкағат оқығаным жайлы күмәндансам не істеймін?
«Фатиха» сүресінде кездесетін «ض» әріпін қалай оқыған дұрыс?
Ханафи мәзһабындағы дәрет парыздары
 Қыздар неше жасында тұрмыс құрғаны жөн
Ажырасқаннан кейін балалар кімде қалады?

0 пікір