Дұға жасағанда «Иншә Алла» сөзін айтуға бола ма?
Дұға жасағанда «Иншә Алла» сөзін айтуға бола ма?
18.05.2015 18:18
2009
0
Сұрақ:

 Дұға жасағанда «Иншә Алла» сөзін айтуға бола ма?

Жауап:

Иншә Алла сөзі – Алла қаласа мағынасын білдіреді. Әрбір мұсылман ниет еткен бір ісін бастаудан алдын «бисмилла» деп алдағы кезде ойдағыдай өріліп, соңы жақсы болуы үшін «Алла қаласа» деп Алланың қалау еркіне тапсыруы міндет. Себебі, бізді жаратқан, біздің ісімізді де жарататын, дұғамызды қабыл ететін де бір Алла. «Кәһф» сүресінде: «Еш нәрсені: “Осыны ертең істеймін” деп айтпа. Тек: “Алла қаласа (жасаймын)” де»[1] делінген.

Мұнда ескеретін бір жәйт мынау: Хазреті Әбу Ханифаның өсиетіне түсініктеме берген имам Бабурти: «Мен мүмінмін. Иншә Алла» деп өзінің сеніміне екіленіп, сөйлеудің дұрыс еместігін айтқан[2]. Сондықтан аталмыш сөзді «Алла қаласа, өмірімді мүмін болып аяқтаймын» деген жақсы ниетпен айтса болады.

Ал, дұға жасағанда «Алла қаласа» сөзін айту бейне бір кісінің үйіне кіріп алып, өзінің үйдің ішінде екеніне сенімсіздік танытқанмен бірдей. Сондықтан, дұғаны екіленбей, қабыл болатынына бір беткей сеніммен жасау керек.

 Абдусамад Оқан



[1]Кәһф сүресі, 23-24 аят.

[2]ШархүуасиятиӘбиХанифа, 68-бет.

 

  Басқа сұрақтар   

Алған қарызды қайтармаудың үкімі.
Бақсы-балгердің айтқандарына сенуге бола ма?
Дәрет қалай алынады?
Қонақасы кезінде ер-әйелдердің аралас жүруі.

Намаз оқымайтын жанның үкімі.
Шаңы бар киімге тәяммүм соғуға бола ма?
Соңғы сапта жалғыз намаз оқудың үкімі.
Өлім шыққан үйде құран оқу шариғатта дұрыс па?
Азаматтық некенің шариғи үкімі қандай?
Намаз біткен соң намазхандардың қол алысуының үкімі қандай?
Хиджаб киетін қыздардың көшеде боянып жүруіне бола ма?
Пластикалық ота жасату шариғатта дұрыс па?
Қыз беріп, қыз алысуда жеті атаға қарамаса бола ма?
Дуаланған адамды емдеуге бола ма?
Намазда қанша рәкағат оқығаным жайлы күмәндансам не істеймін?
«Фатиха» сүресінде кездесетін «ض» әріпін қалай оқыған дұрыс?
Ханафи мәзһабындағы дәрет парыздары
 Қыздар неше жасында тұрмыс құрғаны жөн
Ажырасқаннан кейін балалар кімде қалады?
Некесіз бала... күнә ма? 

 11 жастағы қызға жүзу үйірмесіне баруға бола ма?

 

 

0 пікір