Соңғы сапта жалғыз намаз оқудың үкімі
Соңғы сапта жалғыз намаз оқудың үкімі
20.04.2015 16:24
3861
0
Сұрақ:

 Алдыңғы сапта бос орын болмаса, артқы сапта жалғыз тұрып оқыған кісінің намазы дұрыс па? Әлде алдыңғы саптан бір кісіні артқа тартып, сонымен бірге оқимын ба?

Жауап:

 Хадисте: «Бірінші сапты толтырыңдар...»[1]. Бірінші сапта бос орын қалса, оны дереу толтыру қажет. Егер бос орын қалмаған жағдайда Ханафи мәзһабы бойынша, алдыңғы саптан бір кісіні артқа тартуы мүстахаб. Егер сол кісі түсінбей қала ма деп қорықса, фитнә болмау үшін жалғыз тұрып жамағатқа ілеседі[2].
Имам Камал ибн Һумам: «Алдыңғы сапта бос орын болмаған жағдайда, келесі сапта жалғыз өзі тұра береді. Алдыңғы саптағы кісіні алдыңғы саптың сауабынан махрум (құр) қалдырмайды»[3] деген.  
[1] Әбу Дәуд.
[2] Әл-Фықһүл ислами уаәдилләтүһү, 2-том, 249-бет. 
[3] Әл-Фәтәуа исламия мин дәрил ифтә әл-Мысрия, 33-том, 154-бет.

0 пікір