Силәтур-рахм деген не?
Силәтур-рахм деген не?
03.09.2019 08:47
3495
0
Сұрақ:

Силәтур-рахм деген не?

Жауап:

Силәтун: Қауышу, ұласу һәм жету дегенді білдіреді. Сол мағыналарды білдіретін «усул» түбірінен шығады.

Ал рахм болса рахметтен тарайды. Рахмет «мейірім таныту», «жаны ашу» мағыналарына саяды. Осы екеуін жалпы «Силә и рахм» деп атап кеткен.

Мінекей силә и рахм: Туған-туыстарды қыдыру және жолығу һәм хат жазысу, байланысты үзбеу әрі қате-кемшіліктерін кешіру дегенді білдіреді.

Демек ағайын-туыспен барысып-келісу, алысу-берісу, заманауи құралдардың барлығын пайдаланып байланысты арттыру, көмек қолын созу, көңілін сұрау, қуанышта құттықтау, қайғысына ортақтасу болып табылады.

Силәтур-рахм туыс-туғанды қамтығанымен қоса, көрші-қолаң, жора-жолдас, әріптес һәм мұсылман бауырларға да тиесілі бір борыш екенін ескерген жөн. Данышпан елші бір хадисінде: «Туыстық бауы, Рахманнан бір бау болып табылады. Кімде-кім  осы бауды үзбей әрі туыс-туғанына қауышса, Аллаһқа қауышқан болып саналады. Ал кімде-кім осы бауды үзетіғұн болса, одан Аллаһ мейірімін үзеді» деген. (Термези, Бирр, 16, 1925).

Әли рһ ден жеткен бір риуаятта Құттты елші: «Сенімен байланысын үзгенге жақсы қарым-қатынасыңды жалғастыр. Саған жамандық еткенге жақсылық жаса. Һәм өз зарарыңа болсада ақиқатты айт» деген (Жамиғус-сағир. 2485, 4:196, Хадис №5004).

Амр ибн Саһл рһ жеткізуі бойынша Дана елші: «Туыстық қатынасты жақсы сақтаУ; мал-жаны көбейтіп, ағайынның берекесіне себепкер болып һәм ғұмырды ұзартады» деген (Жамиғус-сағир. 2484, 4:196, Хадис №5003).

Айша анамыз Дара елшінің «Ағайын туыспен жақсы қарым-қатынас, көркем мінез һәм жақсы көршілік, елді алға сүйрейді әрі өмірді ұзартады» дегенін жеткізген (Жамиғус-сағир. 2483, 4:196, Хадис №5001).

Осы мәселе бойынша хадистер өте көп. Құдай жеткізсе тағы да берермін.

Ұлық Раббымыз соған жеткізсін!

 

Берікбай ГЕРМАНҰЛЫ

 «Мұса-мырза»мешітінің ұстазы

0 пікір