Шариғаттағы жүзік тағу хикметі
Шариғаттағы жүзік тағу хикметі
22.06.2016 11:48
29679
0
Сұрақ:

Жүзік тағу тұрғысында дініміздің үкімі қандай?

Жауап:

Еркектердің алтын жүзік тағуы төрт мазһабта да жаиз емес. Алтын мен күмісті әшекей ретінде тағу тек әйелдерге ғана халал. Бірақ бұларды махрем (жақын туыс) болмаған еркектерге көрсетуі харам болып табылады.

Алтын мен күмісті әшекей ретінде тағу еркектерге харам. Тас, қола, жез, платина, мыс және басқа да заттардан әшекей ретінде жүзік тағу әйелдерге де харам. Алтын жалатылған күміс жүзік және күміспен қапталған алтын жүзік тағу жаиз. Жүзік тақпау жақсырақ. Айт күндері жүзік тағу мүстаһаб. Елге көрсету үшін, мақтану ниетімен тағу харам болып табылады. (Рәддул мухтар)

Алла Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) күміс жүзік қолданатын және жүзігін оң қолына тағатын еді. Сол қолына да таққандығы байқалған. Оң қолға да, сол қолға да тағуға болады. Кіші саусаққа немесе қасындағы аты жоқ саусаққа тағу керек. Бетінде жазуы бар жүзікті, дәретханаға кірерде, сол қолдан оң қолға өткізген жақсы болады.

Нуман бин Бәширдің саусағындағы алтын жүзікті көрген пайғамбарымыз «Жәннатқа кірмей тұрып неліктен жәннат әшекейін қолдандың?» деп сұрады. Темір жүзік қолдана бастады. Мұны байқағанда «Неліктен тозақтың затын тасып жүрсің?» деп сұрады. Оны да шешіп тастады да, қола жүзік тақты. Мұны көргенде «Неліктен сенен пұттың иісін сезіп тұрмын?» деді. «Қандай жүзік тағайын, Йа, Алланың Елшісі?» деп сұрады. «Күміс жүзік тағуыңа болады. Салмағы бір мисқалдан (4.8 гр) аспасын және оң қолыңа тақ!» деді. (Мәуаһиб-и ләдунийа)

Сұрақ: Жүзікті қай қолдың қай саусағына тағуға болады? Кезкелген металлдан жасалса да жаиз ба? Екеуін тағуға болады ма? Әйел мен еркекке де бірдей ме?

Жауап: Оң қолға да, сол қолға да тағуға болады. Кіші саусаққа немесе қасындағы аты жоқ саусаққа тағылады. Дұрыс болғаны осы. Басқа саусақтарға тағылса да күнә болмайды.

Еркектер тек күміс жүзік таға алады. Салмағы 4.8 грамнан аспауы тиіс. Екі жүзік тағылса, осы салмақтан аспауы керек. Ал әйелдер алтын мен күмістен басқа жүзік таға алмайды және таққан жүзіктерін бөтен еркектерге көрсетуіне болмайды.

Әйелдерге де, еркектерге де жүзіктің тасы кезкелген тастан болса болады.

 

Сұрақ: Платина немесе ақ алтыннан жүзік тағу еркектерге жаиз ба?

Жауап: Ақ алтын да алтынға жатады. Қышқылмен алтын ақ күйге айналады. Алтын болып қала береді, тек түсі ағарады. Осы тұрғыдан жаиз емес. Егер үсті күміспен қапталса жаиз болады. Еркектер күмістен басқа жүзік таға алмайды.

 

Сұрақ: Сынамасы 12-ден төмен болған алтындарды әйелдерге жүзік қылып қолдануына болмайды ма?

 

Жауап: Сынамасы 12-ден төмен болса, алтын болмай қалады. Басқа металл болып саналады. Әйелдер алтын мен күмістен басқа жүзік таға алмайды.

 

Сұрақ: Некедегі әйелдің тасы бар жүзік тағуы немесе неке жүзігін тағуы жаиз ба?

 

Жауап: Некеде болса да, жесір болса да, бойдақ болса да, тасы бар болса да, тасы жоқ болса да, алтын болса да, күміс болса да, әйелдің жүзік тағып көшеге шығуы жаиз емес. Үйінде қалаған әшекейлерін тағуына болады. Әйелге жүзік және әшекей бұйымдары күнә емес. Бірақ ешбір әшекей бұйымын бөтендерге көрсетуіне болмайды.

 

Сұрақ: Некелескенде алтын жүзік тағылады, бұл жаиз ба?

 

Жауап: Жаиз емес. Алтын жалатылған күміс жүзік тағуға болады.

 

Сұрақ: Алтын жүзік тағу еркектерге харам екен, ал алтын жүзікті күміспен қаптату немесе күміс жүзікті алтынмен жалату жаиз ба?

 

Жауап: Металлдың түсі мен қаптауы емес, іші, құрамы негізге алынғандықтан, алтын жалатылған күміс жүзік тағу еркектерге де жаиз болады. Күміспен қапталған алтын жүзік алтын болса да, алтын көрінбегендіктен, күміс көрінгендіктен, тағуға болады. (Рәддул Мухтар)

Кейбір адамдар осы жердегі нәзіктікті түсінбейді. «Егер металлдың құрамы маңызды болса, күміспен қапталған алтын жүзік қалайша жаиз болады?» деп сұрайды. Күміспен қапталған алтын жүзік – алтын. Өйткені металлдың қаптамаса емес, құрамы маңызды. Күміспен қапталған болса да алтын болып саналады, сатпақшы болсаңыз да алтын ретінде сатасыз. Бірақ күміспен қапталған күйде қолдану жаиз болады.

 

Сұрақ: Еркектердің күміспен қапталған мыс жүзік тағуы жаиз ба?

 

Жауап: Иә. Күміспен қапталған алтын жүзік тағу сияқты болады, күміс көрінгендіктен, тек қолдану жаиз болады.

 

Сұрақ: Неке жүзігін тақпаудың діни некеге зияны бар ма?

 

Жауап: Жүзік тақпаған жақсырақ. Неке жүзігі дегендей жүзіктің түрі жоқ. Әйел тақса, басқа еркектерге көрсетуі харам болады. Еркек онсыз да алтын жүзік тақпайды, тағуы харам болып табылады. Күміс тағуына болады.

 

Сұрақ: Неке жүзігі делінетін алтын жүзік еркекке харам емес пе?

 

Жауап: Алтын – әйелдердің әшекей бұйымы. Еркектерге харам болып табылады.

 Пайғамбарымыз бір еркектің саусағынан алтын жүзікті көрген кезде бірден сол жүзікті шешіп жерге тастайды. Содан кейін:«Араларыңнан бірің шоққа айналған отты қолына таққан екен» - деді. (Мүслим) Алла Елшісі кеткеннен кейін «Жүзігіңді ал, басқа мақсатта пайдаланарсың» десті. Сонда әлгі кісі: «Аллаға  ант етемін, Алла Елшісі тастаған нәрсені алмаймын» - деді. (Мүслим)

Нәжрандық бір кісі тағылған алтын жүзігімен Алла Елшсінің алдына келді. Сонда сүйікті пайғамбарымыз бетін бұрып: «Неліктен қолыңдағы от алауымен бірге келдің?» - деді. (Нәсаи)

 

Күміс жүзік еркектерге де жаиз. Хадис шәрифте былай делінеді:

«Алтын – мүшриктердің, күміс – мұсылмандардың әшекейі.»(Рамуз)

«Еркектің алтын жүзік тағуы төрт мазһабта да жаиз емес.» (Мәуаһиб-и Ләдуннийа)

 

Сұрақ: С.Әбәдийа кітабында былай делінеді: «Ешбір пайғамбар өз дінінде немесе басқа діндерде харам болған немесе болатын бір нәрсені істемейді. Яғни кейіннен харам болатын нәрсені әуелден, халал кезінде де қолданбайды.» Тағы бір жерінде былай делінеді: «Пайғамбарымыз бұрында алтын жүзік тағатын еді.» Бұл екеуі бір-біріне қайшы емес пе?

 

Жауап: Пайғамбарымыздың мәртебесі басқаша. Оңай түсіндіре алу үшін бірнеше мысал келтірейік. Себебі бұл сұрақты көп адамдар қояды.

Пайғамбарымызға харам болған нәрсе үмбетіне халал болуы мүмкін. Пайғамбарымызға парыз болған нәрсе үмбетіне парыз болмауы мүмкін. Үмбетіне харам болған нәрсе пайғамбарымызға жаиз болуы мүмкін. Бірнеше мысал келтірейік:

1). Үмбетіне төрттен астам әйел алу харам болғанымен, пайғамбарымызға жаиз еді.

2).  Әйелмен ажырасу үмбетіне жаиз болғанымен, пайғамбарымызға тыйым салынған.

3).  Бір адам қайтыс болса, оның әйелі басқа біреуге күйеуге шыға алады. Бірақ Алла Елшісінің жұбайлары бұған жатпайды, олар ешкіммен үйлене алмайды. Олар мұсылмандардың анасы. Анаға үйленуге болмайды.

4) Кедей адамның зекет алуы жаиз, бірақ Алла Елшісінің  кедей болса да, зекет алуы харам.

5) Бай адамның зекет беруі парыз. Бірақ Алла Елшісінің  бай болса да, зекет беруі парыз емес.

7) Құрбандық шалу пайғамбарымызға парыз еді. Ал үмбетіне Ханафиде уәжіп, басқа мазһабтарда сүннет.

8) Түңгі намаз (тәһәжжуд) пайғамбарымызға парыз еді. Бірақ үмбетіне нәпіл.

9) Пайғамбарымызға жазба жазу, өлең оқу харам еді, бірақ үмбетіне жаиз.

10) Алтын қолдану да үмбетіне харам. Бір хадис шәрифте: «Алтын мен жібек үмбетімнің әйелдеріне халал, еркектеріне харам» делінген. үмбетіне харам болғанымен, оған жаиз еді, өйткені қолданған еді. Пайғамбарлар ешқашан күнә істемейді.

 

Сұрақ: Құрметтілеріміздің жүзіктерінде не жазылған еді?

 

Жауап: Пайғамбарымыздың жүзігінде:  «Мухаммадун Расулуллаһ»деп жазылған еді. «Мұхаммед алейһиссалам – Алла Тағаланың пайғамбары» деген мағынаны білдіреді.

Хазреті Сүлейманның жүзігінде:  «Лә илаһә иллаллаһ, Мухаммадун расулуллаһ» деп жазылған еді. «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед  Оның елшісі» деген мағынаны білдіреді.

Хазреті Әбу Бәкірдің жүзігінде: «Ни'мәл қадир Аллаһ» деген жазу бар еді. «Барлық нәрсеге күші жететін Алла – қандай тамаша, қандай үлкен құдірет иесі» деген сөз.

Хазреті Омардың жүзігінде: «Кәфа бил мәут уаизан» деп жазылған еді. «Уағызшы ретінде, насихатшы ретінде өлім жеткілікті» дегенді білдіреді. Өлімді күніне жиырма рет еске түсірген адамның шәһид болып өлетіндігін хадис шәрифпен білдірілген.

Хазреті Османның жүзігінде: «Лә нәсбираннә» деп жазылған еді. «Әлбетте сабыр етеміз» деген мағынаны білдіреді. Сөзінде тұрды және сабыр етіп шәһид болды.

Хазреті Әлидің жүзігінде: «Әл мулку лиллаһ» деп жазылған еді. «Мүлік – Алланың иелігі» деген сөз.

Хазреті Хасанның жүзігінде: «Әл иззәту лиллаһ» деген жазу бар еді. «Құрмет, абырой және ізет Алла Тағалаға тән» дегенді білдіреді.

Ибн Омардың жүзігінде: «Абәдаллаһ лиллаһ» деп жазылған еді. «Алла разылығы үшін Аллаға ғибадат етуші» деген сөз.

Хазреті Муауияның жүзігінде: «Раббиғфирли» деп жазылған еді. «Йа, Раббым, мені кешір» деген мағынаны береді. Ал оның баласының жүзігінде«Раббуналлаһ» деп жазылған. «Раббымыз – Алла» деген сөз.

Имам Әли Ризаның жүзігінде:«Хасбийаллаһ» деген жазу бар еді. «Алла  Тағала маған жеткілікті» деген сөз.

Қазы Ибн Әби Ләйланың жүзігінде: «Әд-дүнийа ғарурун» деп жазылған. «Дүние – алдатушы, сенуге болмайды» деген мағынаны береді.

Имам Ағзам Әбу Ханифаның жүзігінде: «Қул-ил хайр уә илла фәскут» деп жазулы еді. «Жақсы сөйле, жақсы сөйлей алмасаң, үндеме» деген мағынаны береді.

Имам Әбу Юсуфтың жүзігінде: «Мән амилә би раийһи нәдима» деп жазылған еді. «Ақылдаспай, өз көзқарасымен әрекет еткен адам өкінеді» дегенді білдіреді. Истишара етуге, білетіндермен ақылдасуға мән берілу керектігі білдірілуде.

Имам Мұхаммедтің жүзігінде: «Мән сабәрә зафирә» деп жазылған еді. «Сабыр еткен адам жеңіске жетеді, сабыр еткен адам мақсатына жетеді, қалауына жетеді» деген мағынаны білдіреді. Алла Тағала Құран Кәрімде сабыр етушілермен бірге болғандығын, сабыр сақтағандарға сый-сыяпаттарын есепсіз беретіндігін білдіруде.

Имам Шафиидың жүзігінде:  «Әл Бәракәту фил қана'ати» деп жазулы еді. «Берекет – қанағатта, қанағат еткен адам құтылады, бай болады» дегенді білдіреді. Қанағат еткен адамға Аллажеткілікті болады. Қанағат – жеңілмес әскер, иілмес қылыш. Қанағат еткен адам шүкір еткен болып саналады.

 

Екі жүзік тағу

 

Сұрақ: Еркек әрбірінің салмағы үш грамнан болған екі күміс жүзік таққан болса, бір мисқалдан, яғни 4.8 грамнан асып кеткендіктен, жаиз болады ма?

 

Жауап: Жаиз болмайды. Екеуін қосқанда салмағы бір мисқал болса, сонда жаиз болады.

 

Жүзік тағу

 

Сұрақ: Еркектердің неке жүзігін тағуы керек пе?

 

Жауап: Жоқ, қажет емес. Әдет ретінде тағуға болады. Еркектердің күмістен басқа алтын және басқа да металлдардан жүзік тағуы жаиз емес. Айт және жұма күндерінде 4.8 грамнан аспайтын күміс жүзік тағуы сүннет.(Мәуаһиб-и ләдуннийа, Рәддул мухтар)

 

Неке жүзігі

 

Сұрақ: «Неке жүзігі әшекей ретінде емес, басы байлаулы немесе үйленгендігінің белгісі ретінде тағылғандықтан, еркектердің алтын неке жүзігін тағуында және әйелдердің неке жүзігін тағып сыртқа шығуында еш зиян жоқ» деп айту қате ме?

 

Жауап: Әрине қате. Жақсы ниетпен күнә мубах күйге келмейді. Яғни жақсы ниетпен күнә жуылмайды. Кәпір қыз «Менімен билесең, мұсылман боламын» десе, мұсылманның жақсы ниетпен онымен билеуі немесе басқа күнә істеуі жаиз болмайды. Жақсы ниеті өтпейді, күнә өтеді. «Амалдар ниетке қарай бағаланады» хадис шәрифі жақсылықтар мен мубахтар үшін ниетке қарай сауап берілетіндігін білдіруде. Күнәлар жақсы ниетпен істелсе де күнә болмай қалмайды.

Екіншісі, дінде неке жүзігі деген нәрсе жоқ. Әдет болғандықтан тағылады. Мубахы бар бола тұра харам болған алтынды тағуға болмайды. Міндетті түрде алтын тағу керек дегендей бір жағдай бар болса, күміс жүзікті алтынмен жалатып қолдануға да болады. Көрген адам алтын деп санауы мүмкін, мұның зияны жоқ. Әйелдерге алтын жаиз болса да, сыртта және бөтен еркектер көретін жерлерде тағуы харам болады. Некедегі адамның үйленгендігі көрсететін бір ишаратқа ешқандай қажеттілік жоқ.

0 пікір