ШАРАПТЫ ШИПА ҮШІН ІШУГЕ БОЛА МА?
ШАРАПТЫ ШИПА ҮШІН ІШУГЕ БОЛА МА?
12.05.2016 14:15
6222
0
Сұрақ:

Қан көбейту мақсатында шарап (вино) ішсе бола ма? Той-томалақта шарап қан көбейтеді деп ішкізіп жатқан адамдарды көремін. Бұл шариғатта дұрыс па? 

Жауап:

Әрине, арақ-шарап адамға және оның денсаулығына пайдалы болса харам етілмес еді. Ал, харам адамға ешуақытта шипа болмайды. Хадисте: «Ақиқатында, Алла ауру мен дертті жіберді. Сондай-ақ, әрбір дертке дауа-шипа берді. Ем іздеңдер және емделіңдер. Бірақ, хараммен емделмеңдер[1]»,-делінген.

Шарап та харам боп табылады. Сусын және емдік ретінде ішуге қатаң тыйым салынады. Пайғамбардан (с.ғ.с.) Тариқ бин Суайд арақ жайлы сұрағанда тыйым екенін айтты. Сонда ол: «Біз онымен емделеміз және емдейміз»,-дейді. Алла елшісі (с.ғ.с.) оған: «Расында ол (арақ-шарап) – дерт, шипа емес[2]»,-деп жауап берді.

Ал, қанды көбейту үшін жеміс-жидек, ет тағамдарын және балық көп жеңіз.

 


[1] Муслим, Ибн Хиббан
[2] Ахмед, Муслим, Әбу Дауд, Ибн Мажа

Руслан Камбаров

0 пікір