Қыздар неше жасында тұрмыс құрғаны жөн
Қыздар неше жасында тұрмыс құрғаны жөн
05.05.2015 13:27
15011
0
Сұрақ:

Қыздар неше жасында тұрмыс құрғаны жөн? 

Жауап:

 Әрбір адамның жаратылысы әртүрлі. Сондықтан, Ислам шариғаты қыз-жігіттердің бас құрау мәселесінде жас аралығына қарағанда, әркімнің үйленуге болған мұқтаждығын негізге алады.

Ханафи мәзһабында жастардың бас құрау мәселесінің үкімін төмендегідей бірнеше сатыға бөліп қарастырған:

Парыз болған үйлену: Үйленбесе зина жасап қоятын адам. Бұл – үйленуге хал-жағдайы келетін, отбасын асырай алатын, нәпсісін ораза ұстап тежеуге шамасы келмейтін кісінің жағдайы. Ондай адамға бас құрауы – парыз болады. Өйткені, үйленбеген жағдайда зина сынды харам істерге барып, өзіне де, қоғамға да зиянын тигізеді.

Уәжіп болған үйлену: Зина жасап қою қаупі бар адам. Бұл – үйленуге хал-жағдайы келетін, отбасын асырай алатын, нәпсісін ораза ұстап тежей алатын кісінің жағдайы. Ондай адамға бас құрауы – уәжіп болады.

Сүннет болған үйлену: Зина жасап қою қаупі болмаған, бірақ үйленуге қызығатын кісіге бас құрауы – сүннет болады.

Харам немесе макруһ болған үйлену: Үйленген соң отбасын харам табыс көзімен асырау, әйеліне зұлымдық көрсету сынды күнәлі іске баратын болса, ондай адамға үйлену – харам немесе макруһ болады[1].

Яғни, некелесудегі басты мақсат – шәһуат қалауын қандыру емес, керісінше «екі жарты қосылып бір бүтін болып», кемел қоғам қалыптастыруға ат салысу. Міне, бұл үкімдердің аясына балиғат (кәмелет) жасына толған қыз-жігіттердің барлығы кіреді. 

 



[1] Бәдайғус санайғ фи тәртибиш шарайғ лил Касани, 2-том, 483-484 бет.

 

Басқа сұрақтар

 

Алған қарызды қайтармаудың үкімі.
Бақсы-балгердің айтқандарына сенуге бола ма?
Дәрет қалай алынады?
Қонақасы кезінде ер-әйелдердің аралас жүруі.

Намаз оқымайтын жанның үкімі.
Шаңы бар киімге тәяммүм соғуға бола ма?
Соңғы сапта жалғыз намаз оқудың үкімі.
Өлім шыққан үйде құран оқу шариғатта дұрыс па?
Азаматтық некенің шариғи үкімі қандай?
Намаз біткен соң намазхандардың қол алысуының үкімі қандай?
Хиджаб киетін қыздардың көшеде боянып жүруіне бола ма?
Пластикалық ота жасату шариғатта дұрыс па?
Қыз беріп, қыз алысуда жеті атаға қарамаса бола ма?
Дуаланған адамды емдеуге бола ма?
Намазда қанша рәкағат оқығаным жайлы күмәндансам не істеймін?
«Фатиха» сүресінде кездесетін «ض» әріпін қалай оқыған дұрыс?
Ханафи мәзһабындағы дәрет парыздары

 

0 пікір