Қыз беріп, қыз алысуда жеті атаға қарамаса бола ма?
Қыз беріп, қыз алысуда жеті атаға қарамаса бола ма?
09.04.2015 11:14
7284
0
Сұрақ:

Жеті атаға дейін қыз алыспау Ислам шариғатына қайшы емес пе?

Жауап:

Қасиетті Құранның Ниса сүресінің 23-аятында бір-бірімен үйлене алмайтындар ашық білдірілген. Алла Елшісі (с.ғ.с) қызы Фатима анамызды көкесінің ұлы Әлиге берген.

Бір хадисте: «Сендер хадраә димәннан сақтаныңдар» - деді. Сонда: «Хадра димән деген не?» деп сұралады. Ол (с.ғ.с): «Босануы жаман (баласынан ұрығындағы ауруы көрінетін) көрікті әйел»[1] деп алыс туыстың адамдармен некеленуге қызықтырған.

Ислам тарихында екінші халифа болған Омар ибн Хаттаб (р.а) жақын туысқандарына үйленуді әдетке айналдырған Бәни Сәйбтерге: «Аурушаң (кем-кетік туылу) болып, ұсақтап кеттіңдер. Алыстан (қызды жат руға беріп, жат рудан алыңдар) некелесіңдер»[2] деп әмір етуі жақын адамдар арасында шәһуат қалауының аз немесе әлсіз болатындығын білдірген. Бұл әлжуаз ұрпақтың дүниеге келуіне арқау болады. Мысалы: аттас зарядтың бірін-бірі тебетіндігімен, әрі аттас зарядтың бірін-бірі тартатыны сияқты туыс-туысқа қызықпаса, туыстығы алыстар біріне-бірі ерекше құштар болып тұрмақ.  

Медицина ғылымының докторы Ғиззуддин Фараж: «Жақын туысқандардың арасындағы некелесу– сол отбасындағы ұрық қуалайтын ауру және жаман қасиеттердің өмірге келген баланың бойында арта түсуіне себеп болады. Ал жат кісілер арасындағы некелесу – бұл тұқым қуалайтын ауру немесе жаман қасиеттерді азайтады деп айта аламыз»[3] деген. Демек, қазақ халқындағы араға жеті ата салып қыз беріп, қыз алысуын да төмендегі екі мақсат көзделген болуы мүмкін:

  1. Ұрпақтың аурушаң болып, ұсақталып  кетпеуі;
  2. Араға жеті ата салып, алыстап бара жатқан туысқандықты қайта жаңғырту.

[1]әл-Мүғни ғән хамлил әсфар фи тәхрижи мә фил ихяи минәл әхбар лил Хафиз әл-Ғирақи әл-мадбуғ ғәлә һамиши ғұлумуддин лил Ғаззали, Даүр ибн Һайсам,1-том, 473-бет. Китәбү әдәбен никах.
[2]әл-Мүғни ғән хамлил әсфар фи тәхрижи мә фил ихяи минәл әхбар лил Хафиз әл-Ғирақи әл-мадбуғ ғәлә һамиши ғұлумуддин лил Ғаззали, Даүр ибн Һайсам,1-том, 473-бет. Китәбү әдәбен никах.
[3]Махмуд Абдулхамид әл-Ахмад, Дирасатүн фис сақафатил исламия уәл фикрил мүғасир, Дәрүл фикр, Димашық. – 2004., 384 бет. 127-бетте.

Абдусамад Оқан

 

 

Ұқсас материалдар

Хиджаб киетін қыздардың көшеде боянып жүруіне бола ма?

Соңғы сапта жалғыз намаз оқудың үкімі

Өлім шыққан үйде құран оқу шариғатта дұрыс па?

Азаматтық некенің шариғи үкімі қандай?

Намаз біткен соң намазхандардың қол алысуының үкімі қандай?

Пластикалық ота жасату шариғатта дұрыс па?

Қыз беріп, қыз алысуда жеті атаға қарамаса бола ма?

Дуаланған адамды емдеуге бола ма?

Намазда қанша рәкағат оқығаным жайлы күмәндансам не істеймін?

«Фатиха» сүресінде кездесетін «ض» әріпін қалай оқыған дұрыс?

Шаңы бар киімге тәяммүм соғуға бола ма?

 

0 пікір