Құрбандыққа қандай мал шалу керек?
Құрбандыққа қандай мал шалу керек?
09.08.2016 14:55
2913
0
Сұрақ:

Құрбандыққа қандай мал шалу керек?

Жауап:

Тек қа­на қой, еш­кі, сиыр жә­не түйе мал­да­рын ға­на құр­бан­дық­қа ша­лу­ға бо­ла­ды. Құр­бан ре­тін­де ша­лы­на­тын қой жә­не еш­кі кем де­ген­де бір жа­сар, сиыр екі жа­сар, түйе бес жа­сар бо­луы ке­рек. Ал­ты-же­ті ай­лық ке­пе қо­зы бір жа­сар қой сияқ­ты се­міз, ет­ті бол­са, құр­бан­дық­қа ша­лу­ға жа­райды. Қой мен еш­кі­нің ер­ке­гін, сиыр­дың ұр­ға­шы­сын ша­лу аб­зал. Тауық, қо­раз, қаз, үй­рек сияқ­ты құс­тар құр­бан ре­тін­де сойыл­майды. 

Сондай-ақ, Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) құр­бан­дық­қа жа­ра­май­тын мал ту­ра­сын­да: «Со­қыр­лы­ғы анық бел­гі­лі со­қыр, ауруы бел­гі­лі ауру­шаң, (жү­ре ал­май­тын­дай дә­ре­же­де) ақ­сақ­ты­ғы бел­гі­лі бол­ған ақ­сақ жә­не жі­лі­гі кө­рі­не­тін­дей өте арық мал­дар құр­бан­дық­қа жа­ра­майды», – де­ген. 

Ха­на­фи мәз­һа­бы­ның ға­лым­да­ры ха­дис­те ай­тыл­ған құр­бан­дық­қа жа­ра­май­тын мал­дар­да­ғы кем­ші­лік­тер­ге қиас (са­лыс­ты­ру) жо­лы­мен бас­қа да кем­ші­лік­тер­ді қос­қан. Ол кем­ші­лік­тер мы­на­лар:

  • Бір кө­зі со­қыр
  • Сойыла­тын жер­ге же­те ал­май­тын дә­ре­же­де әл­сіз
  • Құ­ла­ғы не­ме­се құйры­ғы ту­ма­дан жоқ не­ме­се ба­сым бө­лі­гі ке­сіл­ген
  • Тіс­те­рі­нің кө­бі тү­сіп қал­ған
  • Ем­шек­те­рі­нің ба­сы жұ­лы­нып қал­ған
  • Бір мүйізі не­ме­се екеуі де тү­бі­нен сын­ған. Құр­бан ша­луы уә­жіп бол­ған кі­сі­нің құр­бан­дық ма­лын­да атал­мыш кем­ші­лік­тер­дің біреуі са­тып ал­ған­нан кейін пайда бол­са не­ме­се ал­ған ма­лы өліп қал­са, қайта­дан құр­бан­дық­қа жа­рай­тын мал са­тып алып ша­луы ке­рек. Ал өзі­не құр­бан ша­лу уә­жіп бол­ма­са да, сауап үшін ша­лу­ды ниет ет­кен ке­дей адам­ның са­тып ал­ған құр­ба­нын­да бір кем­ші­лік пайда бол­са, сол мал­ды ша­ла бе­ре­ді. Тіп­ті құр­бан ша­луы уә­жіп бол­ма­ған ке­дей адам, бойын­да кем­ші­лі­гі бар мал­ды са­тып алып, құр­бан ре­тін­де ша­луына бо­ла­ды. Өйтке­ні, ке­дей адам­ның шал­ған құр­бан­ды­ғы – нә­піл құр­бан. Нә­піл ғи­ба­дат­та ке­ші­рім бар[18].

 

Абдусамат Қасым

0 пікір