Пластикалық ота жасату шариғатта дұрыс па?
Пластикалық ота  жасату шариғатта дұрыс па?
10.04.2015 15:26
3668
0
Сұрақ:

Пластикалық ота  жасату шариғатта дұрыс па?

Жауап:

Пластикалық ота жасату адамның өз еркімен немесе зәрулік себепті болуы мүмкін. Адам Алланың жаратқан көркем бейнесін қанағат тұтпай, кез-келген мүшесіне пластикалық операция жасатуға шариғат тыйым салған. Исламда бұл Алланың жаратқан ісіне араласу болып есептеледі. Құранда: «Алла оны қарғады. Сонда шайтан ....оларды Алланың жаратқандарын өзгертуге бұйырамын»[1] деген. Бұл аят жайлы Абдулла ибн Мәсғұд (р.а): «Алла сурет салушы, сурет салдырушы, беттің түктерін жұлдырушы, әдемі көріну мақсатында тістерінің арасын аз ашушы және Алланың жаратқандарын өзгертушілерге лағнет қылды»[2]деп түсіндірген.

Ал адам денесінде туа бітті бір мүшенің кем немесе артық жаралуы, немесе қайғылы жағдайларға байланысты зақымдалған жерлерін емдету мақсатында пластикалық операция жасату шариғатта рұхсат бар. Себебі, адам денесіндегі кемістіктер де аурудың бір түріне жатады. Ислам діні әрбір аурудың емі бар екенін айтқан. Әбу Һүрайраның (р.а) Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) жеткізген хадисінде: «Алла бір ауыру жіберген болса, оның емін де жіберген» - деді [3].

0 пікір