Өлім шыққан үйде құран оқу шариғатта дұрыс па?
Өлім шыққан үйде құран оқу шариғатта дұрыс па?
17.04.2015 13:30
7076
0
Сұрақ:

 Өлім шыққан үйге көңіл айтушылар келгенде Құран оқылады. Осы іс шариғатта дұрыс па? 

Жауап:

Мұсылман бауырының қайғысына ортақтасу сауабы мол іс. Алла Елшісі (с.ғ.с): «Кімде-кім мұсылман бауырының қайғысына ортақтасып, көңіл айтса, Алла ол кісіні қиямет күні керемет жібек киімдермен киіндіреді»[1] деген.
Ал біреуді шақырып Құран оқыту, Құранның сауабын мәйтке бағыштау дұрыс. Ибн Қудама: «Бағыштылып жасалған барлық жақсылықтың сауабы өліге тиеді. Өйткені ол жайлы хадистер бар. Барлық қалаларда мұсылмандар жиналып, Құран оқып, сауабын өлілерге бағыштауда әрі бұған ешкім қарсы шықпауда. Міне, бұл дұрыстығына ижмағ (ғалымдардың бірауыздан келісуі) болмақ»[2] деген.

0 пікір