Намазды тәрк ету үлкен күнә ма?
Намазды тәрк ету үлкен күнә ма?
30.11.2017 10:20
2493
0
Сұрақ:

Намаз оқу үлкен ғибадат болғандықтан намазды тәрк ету де үлкен күнә ма?

Жауап:

Әрине үлкен күнә. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Әдейі (үзірсіз) намаз оқымаған адамның басқа амалдарын Алла Тағала қабыл етпейді. Тәубе еткенге дейін ол Аллаһтың қамқорлығынан ұзақта болады.» (Исфахани)

«Бес уақыт намазын тәрк еткен адам Аллаһу та’аланың қамқорлығы мен мейірімінен махрұм қалады.» (Ибни Мажә)

«Намаз оқымаған адамның мұсылмандығы, дәрет алмаған адамның намазы жоқ.» (Бәззар)

«Иманмен күпіршіліктің арасындағы айырмашылық намазын оқу мен оқымауда.» (Тирмизи)

«Намаз – иманның басы және жаһаннамнан құтқарушы болып табылады.» (Мифтах-ул-Жәннат)

0 пікір