Намазда қанша рәкағат оқығаным жайлы күмәндансам не істеймін?
Намазда қанша рәкағат оқығаным жайлы күмәндансам не істеймін?
06.04.2015 15:54
4196
0
Сұрақ:

Намаз оқып тұрып, қанша рәкәғат оқығанымды ұмытып, кейде жаңылысамын. Осы кездерде не істеуім керек?

Жауап:

Ханафи мәзһабы бойынша, намазда қанша рәкәғат оқығаныңызды ұмытқан күмәніңіз сейіле қоймаса, қайта басынан оқығаныңыз абзал. Өйткені күмәніңіз сейілмесе, күдігіңіз толастамайды. Ойыңызға мықтап орныққан, дұрыстау көрген ойға тоқтаңыз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с)  бір хадисінде: «Кімде-кім намазында төрт немесе үш рәкәғат оқығандығынан күмәнданса, ол күмәнін ойламай, дұрыстыққа басым болғанына қарай амал қылып, намазын тамамдасын. Сәлем бермей тұрып, екі сәжде жасасын. Егер бес рәкәғат оқыған болса, бұл сәжделер намазына шапағатшы болады, ал егер намазын дұрыс оқыған болса, бұл сәжделер шайтанның масқара болуына себепші болады» [1], – деген.

[1] Бұхари, Сәһу; 6-7.  

0 пікір