Намаз оқымаудың зияндары қандай?
Намаз оқымаудың зияндары қандай?
30.11.2017 10:26
3829
0
Жауап:

Намаз оқымаудың зияндары өте көп. Хазреті Сәйид Абдулхаким Аруаси былай деген:

Намазын оқымаған адам бәрінен де бұрын бүкіл мұсылмандарға зұлымдық еткен болады. Өйткені намазда «Әссәләму аләйна уә ала ибадиллаһиссалихин» деп айтумен бүкіл мұсылмандарға дұға етіледі. Намаз оқымаған адам күнделікті бес уақыт намазда сүннеттерімен бірге 21 рет қайталанатын бұл дұғадан мұсылмандарды махрұм қалдырады. Қияметте бүкіл мұсылмандар бұл ақыларын намаз оқымағандардан алады.

Намазға мән бермей немқұрайлы қарайтын, қадірін білмей, жеңіл қарайтын адамдар көптеген жазаларға ұшырайды:

-Өмірлерінің берекесі болмайды.

-Әр түрлі аурудың, төмендіктің, масқаралық пен қорлықтың ішінде өмір сүреді.

-Салихтерден құрмет көрмейді.

-Әр түрлі мұқтаждықтарға және қиыншылықтарға тап болады.

-Денсаулығының пайдасы, берекесі болмайды.

 -Намаз оқымайтын немесе намазға мән бермейтін адамдар көбінесе жаман жерлерде жұмыс істейді. Шаршататын, жалықтыратын, ауыр жұмыстарда да осындай адамдар жұмыс істейді.

Намазын дұрыс оқитын адам әрі салихтердің қатарында, әрі достарының, туған-туыстарының арасында сыйлы болады.

Намаз оқитын адамда жаратылысындағы әдеміліктен басқа бір әдемілік, ажар, нұр және жамал болады. Намаз оқымайтын адам қаншалықты әдемі болуға, сәнденуге тырысса да, күнде жуынып, жаңа киімдер кисе де ондай әдемілікке қауыша алмайды. 

Намаз оқитын адамның жүзі әдемі болады. Ұзақ уақыт жуынбаса да, киімін алмастырмаса да, денесі мен киімінен жағымсыз иістер шығып тұрмайды.

Ал намаз оқымайтын адам жиі-жиі жуынып, киімін алмастырып тұрса да, ондай пәктікке қауыша алмайды. Күніне бірнеше рет садақа берсе де, жетімдерді қуантса да, тойдырып киіндірсе де, бірнеше күн Құран Кәрім оқыса да, жыл сайын қажылыққа барса да және осыған ұқсас ғибадаттарды, жақсылықтарды жасаса да ешқандай сауап ала алмайды. Алла Тағала ол уақыттарды намазға тән қылғандықтан намазбен ғана өткізу керек. Егер де намазбен өткізбесе, ондай адамдардың істерінде қайыр мен береке болмайды және дұғасы да қабыл болмайды.

Намаз оқитын адам “Йа Раббым!” деген кезінде Алла Тағала “Ләббәйк – айт, орындалсын!” дейді. Ал намаз оқымайтын адамға “Ләббәйк” демейді. Тек намазын дұрыс оқыған адам ғана қайыр мен берекеге, рахметке (мейірімге) себепші болады.

Намазда Адам алейһиссаламнан бастап барлық мұсылмандардың және бүкіл махлұқтардың ақысы бар. Намаз тәрк етілгенде Алла Тағаланың рақметі (мейірімі) перделенеді. Алланың рақметінің келмеуіне, үзілуіне себепші болғаны үшін барлық мақлұқтар намазын тәрк еткен адамды жек көреді. Олар мұсылмандардың дұғаларының берекесінен мақрұм қалады. Өлгенде мазарының қасынан өткен бір мұсылманның оқыған Фатихасынан керегінше пайдалана алмайды. Алла Тағала ондай адамдарды илаһият мақамында ерекше қызмет болып саналатын намазға қабылдамағандықтан, осы маңызды қызметтен қуылған болады. Бұл қызмет үшін берілетін пайдалардан да мақрұм қалады. 

Намаз оқымаған адамның өңі бұзылып, төсек тартып жатып қалады. Үсті-басын, көрпе-төсегін және басқа да нәрселерін кірлетіп ластайды. Тіпті өзіне ең жақын болған туыстары, балалары, әйелі, әке-шешесі де өлімінен жиіркенеді. Ешкімнен құрмет көрмейді. Бұл адам үлкен бір патша болса да, өлім аузында жиіркенішті түрде жан тапсырады. 

Намазын оқымаған адамның өлімінде қорқыныш, үрей, өкініш және уайымның белгілері, көздері көкке қарағаны көрінеді. Көздерінің түсі өзгереді. Жоғарыға немесе төменге қарап қалады. Шашы, сақалдары шатасып, мұрнының қуыстары құрғап қалады. Қымбат төсекте, сәнді, әдемі бөлмеде жатса да, қор болып өледі. 

Намаз оқымаумен иман әлсірейді. Намазға құрметі болмағандықтан періштелер, өлілер және басқа жаратылыстар да оған құрмет көрсетпейді.

Намаз оқымайтын адамның өлерінде бет-әлпеті бұзылып кетеді. Намазын оқыған адамның өлімінде тірі кезіндегі кейпі бұзылмайды, тірі секілді көрінеді. Оның өлімін көрген адам өлімінен бейхабар болса, ұйықтап жатыр екен деп ойлайды.

Намаз оқымаған адам қанша тамақ жесе де аштық сезінеді. Барған сайын аштығы күшейе береді. Шыдай алмайтындай жағдайға келеді. Қаншалықты көп және дәмді тағамдар жесе де бұл азабы тынбайтын болады. Тұрақты түрде аштықтың сыздаған азабын тартады. Соңында қиналып, бүктеліп жатып өледі. Өйткені намазды тәрк ету үлкен күнә, жазасы да сол дәрежеде үлкен болады. 

Намаз оқитын адамның жүзі өлер алдында күлімсіреген, жарқын, нұрлы болады. Жүзінен қуаныштың белгілері көрінеді. Өз кемшіліктерін және Хақ Тағаланың мейірімін, ихсанын көріп маңдайынан тер шығады, мұрнының іші аздап суланады. Құлағының арттары және мұрын қуыстары жәңіл түрде терлейді. Әдемі иіс шығады. Реңінде өзгеше бір әсемдік байқалады. Ең ләззәтты тағамдар жегендей болып тоқ күйде жан тапсырады.

Ғибадаттар иманның бөлігі емес. Яғни иман еткенімен бір ғибадатты орындамаған немесе бір харам нәрсе істеген адам кәпір болмайды. Бірақ намаз турасында ғалымдардың мұндай ауызбірлігі болмады. Ханбали мазһабында бір намазды үзірсіз (себепсіз) тәрк еткен адам кәпір болады және өлтіріледі. Өлтірілгеннен кейін жуылмайды, кебінге оралмайды, жаназа намазы оқылмайды және мұсылман мазарына жерленбейді. Аяғына жіп байлап, бір шұңқыр қазып көміледі. Үстіне қабір белгісін де қоймайды. Шафии және Маликиде үлкен күнә жасағаны үшін жаза ретінде өлтіріледі. Ханафиде намазын бастағанға дейін соққыға жығылып қамауға алынады. Намаз оқымау имансыз өлуге, намаз оқу болса, екі өмірде де бақытты болуға себеп болады. 

0 пікір