Намаз оқымайтын жанның үкімі.
Намаз оқымайтын жанның үкімі.
24.04.2015 14:34
8698
0
Сұрақ:

Өздерін мұсылман санап, бірақ на­маз оқы­ма­йтын жан­ның үкі­мі қан­дай?

Жауап:

Әрбір ақыл­ды, ба­ли­ғат жа­сы­на жет­кен ер, әйелге намаз оқу -парыз. Ханафи мәзһабы бойынша, на­маз­дың па­рыз ­болғанын  мойындамаған адам дін­нен шы­ғады. Өйткені на­маз-діннің негізгі тіректерінің бірі. Ал намаздың парыз екенін  мойындау, бірақ та оған нем­құ­райлық танытып оқымау пасықтық, үлкен  күнә. Оларға на­маз жайлы на­си­хат айтылады не­ме­се тәр­бие үшін жа­за бе­рі­ле­ді[1]. Намаз оқымағандардың азабы жайлы Құ­ран­ Кәрімде былай келеді:

«Жұмақтықтар жұмақта жүріп, тозақтықтардың жағдайы жайлы бір-бірінен сұрасады. Сонда тозақтықтардан: «Са­қар жаһаннам­ына кірулеріңе не се­беп бол­ды?» – деп сұ­ралады. Сон­да олар: «Біз на­маз оқы­май­тын едік», – деп жауап қа­та­ды»[2].

 Абдусамад Оқан



[1] Ибн Абидин, I-том, 32-бет; әл-Биная фи шархил һидая, 2-том, 5-бет.

[2] Мүддәссир, 40-43-аяттар.

0 пікір