Ижма және ғұрыптың айырмашылығы қандай?
Ижма және ғұрыптың айырмашылығы қандай?
05.11.2018 11:33
195
0
Сұрақ:

Ижма және ғұрыптың айырмашылығы қандай?

Жауап:

Жауап: Ижма және ғұрыптың айырмашылығы Ғұрып пен ижма екеуі де шариғаттың қайнар көздері болып саналады. Алайда ижма шариғат негізі ретінде ғұрыптан гөрі ілкімді дәлел. Өйткені ижма дегеніміз мүжтәһид ғұламалардың бір ауыздан келіскен ортақ шешімдері. Ал ғұрып озық ойлы ғұламаларды да, қарапайым ауам жұртты да қамтитын ортақ танымал істер. Ижма шариғат ғалымдарының бір ауыздан келісуінен шығады. Ал ғұрып әр елде әрқалай. Сондықтан ижма ғалымдардың белгілі бір мәселені шұқшия зерттеп, терең ізденуінен шыққан ортақ шешімі болса, ал ғұрып адамдар арасында қалыптасқан кәдуілгі үйреншікті іс-әрекет.

  fatua.kz

 

0 пікір