Хиджаб киетін қыздардың көшеде боянып жүруіне бола ма?
Хиджаб киетін қыздардың көшеде боянып жүруіне бола ма?
13.04.2015 15:16
12752
0
Сұрақ:

Кейбір қыздар хиджаб киіп жүріп боянады, сол дұрыс па?

Жауап:

Қасиетті Құранда: «Әйелдерге айт!... Зейнеттерін керсетпесін. Бірақ ерлеріне, әкелеріне, қайын аталарына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына, аға-бауырларына, олардың ұлдарына, әпке-сіңлілерінің ұлдарына, мұсылман әйелдерге, ... әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін балаларға көрсетулеріне болады...» [1] деген аяттағы «Зейнет» сөзін имам Замахшари былай тәпсірлеген: «Әйелдер бөгде еркектердің алдында сәнді киініп, ашық көрсете алатын екі қолына жүзік тағуы,  бетіне бояу жағуы және көзіне сүрме тартуының оқасы жоқ. Бірақ, жасырын ұстауға тиісті сырғалығын, моншақтарын, кеудешігін және білезіктерін көрсетуге болмайды» деген [2]. Яғни, хиджаб киіп жүрген жас қыздар сұлулығын қорғап қалуы үшін немесе ұлы сүннет амал үйлену ісін мақсат етіп болмашы боянуы әбестік болмаса керек. Алайда еркектердің назарын аударып, фитнәға (бүлікке) апаратындай шектен тыс боянуы шариғатта тиым салынған іс екенін ұмытпауымыз керек.  

0 пікір