Ханафи мәзһабындағы дәрет парыздары
Ханафи мәзһабындағы дәрет парыздары
04.05.2015 18:43
4023
0
Сұрақ:

Ханафи мәзһабында дәреттің парызы төртеу болса, басқа мәзһабтарда төрттен көп екен. Осы туралы түсіндіріп бересіз бе?   

Жауап:

 Ханафи мәзһабында Ахад (аз ғана кісілердің жеткізген хадисі) жолымен жеткен хадистің дәлел саналуы үшін, ондай хадистің Құранның хас – жалқылық мағынасын білдіретін үкімдеріне қайшы келмеуі шарт. Себебі, Құрандағы «хас» сөздер «қатғи» (кескін) дәлел болып, сол сөзге толықтай амал ету міндет болады. Ал, ахад жолымен жеткен хадис сахих болғанына қарамастан, занни (кескін емес) дәлел болғандықтан, Құранның хас сөздерінен шығатын үкімді мәнсух (үкімін жою) ете алмайды. Бірақ, ахад хадиске Құрандағы хас сөздерінің беретін үкімі төңірегінде қосымша амал етуге болады. Мысалы: Құранда:

«Ей, иман еткендер! Қашан Намазға тұрсаңдар жүздеріңді және қолдарыңды шынтаққа дейін жуыңдар. Бастарыңа мәсіх тартып, аяқтарыңды екі тобыққа дейін жуыңдар»[1], -  делінген.

Ханафи мәзһабында бұл аятта әмір етілген төрт іс дәреттің парызы. Ал, ахад хадистерде занни дәлелдермен келуі бойынша: дәретке ниет ету, дәретті тәртібімен алу, дәрет істерінің арасын үзбей алу және «Бисмилләһ...» сөзін айту секілді мәселелердің үкімі сүннет болып есептелінеді. Құранның қатғи (кескін) дәлелі мен занни дәлел болған ахад хадистің арасында қайшылық болмағандықтан, әр екеуіне де өз деңгейінде амал етіледі. 

 Абдусамад Оқан


[1]Мәйда сүресі, 6-аят.
0 пікір