Ханафи мазһабы бойынша Ислам дінін тастап, басқа дінге өтіп кеткен адамға жаназа оқылады ма?
Ханафи мазһабы бойынша  Ислам дінін тастап, басқа дінге өтіп кеткен адамға жаназа оқылады ма?
10.11.2016 15:40
762
1
Жауап:

Мұндай кісілер муртад делінеді. Ондай адамға жаназа оқу, мұсылмандардың қабірстанына жерлеу рұқсат етілмеген. Және «муртад адамға жаназа оқуға болады» — деп айтқан кісі де, діннен шығып кетеді және некесі бұзылады. Мұндай адам қайта иман келтіріп, некесін жаңалауы қажет.

الصَّلَاةُ عَلَى الْجِنَازَةِ فَرْضُ كِفَايَةٍ … وَشَرْطُهَا إسْلَامُ الْمَيِّتِ

«Мәйітке жаназа оқу парыз кифая. Оның шарты – мәйіт мұсылман болуы ». 1

واذا مات اوقتل على ردته لم يدفن فى مقابر المسلم ولا اهل ملة

«Егер кісі муртад (діннен шығып) өмірден өтсе, мұсылманның да , кітап иелерінің де (христиан, яхудей) қабірстанына жерленбейді». 2

1.Фатауа әл-Хиндия

2. Әл-Ашбах ән-Назаир

Мұрат Әбу Ахмад agzam.net

 

 
1 пікір
  • Пейілді пенде
    14.12.2016 16:30
    Қазақстан Мемлекетінің бас мүптиі Ержанқажыға сұрақ! Құрметті дін басы. Осы біздің елде сопылық жолды ұстанғандар кездесетін шығар. Кезінде құпия әбжат ілімін меңгергендер болған. Әулиелік-дәрежеге жеткен. Қажет кезде жаңбыр шақырып, табиғаттың тосын мінездерін ауыздықтаған т.с.с. Казіргі кездегі сондай пенделер ел арасында бар шығар, солар жөнінде сіздің пікіріңізді білсек деген оймен-Пейілді пенде.