«Фатиха» сүресінде кездесетін «ض» әріпін қалай оқыған дұрыс?
«Фатиха» сүресінде кездесетін «ض» әріпін қалай оқыған дұрыс?
06.04.2015 10:38
3730
0
Сұрақ:

Намазда басым көпшілік имамдар «Фәтиха» сүресінде кездесетін «ض» әрібін «дад» деп «д» әріпіне жақын оқыса, кейбірінің «зад» деп «з» әріпіне жақын оқығанын естідім. Қайсының қырағаты дұрыс? 

Жауап:

Қырағат намаздың парыздарының бірі болғандықтан Құран әріптерді махражынан (әріптің шығатын орны) шығарып оқу өте маңызды. Өз кезегінде, араб тілі туған халқымыздың төл тілі болмауы себепті, кейбір бауырларымыз үшін Құран әріптерінің кейбірін махражынан шығарып оқу қиынға түсіп жатады. Әрине, Алла Тағала пенделеріне шамасы жетпейтін істі міндеттемеген. Шын  тырысқан адам араб тілін игеріп алады. Барлық адамның дыбыстау мүшелері бірдей, Құран оқуға ыңғайлы етіп жаратылған. Алайда, Фахрүддин әр-Рази өзінің «әт-Тәфсирүл кәбир әу мәфәтихүл ғайыб» атты еңбегінде: «Біздің көзқарасымызда «ضاد» әрпін «ظاء» әрпіне ұқсатып оқу намазды бұзбайды. Себебі, екі әріптің дыбысталуы мен шығатын жерінде ұқсастық өте жақын болғандықтан ажырату қиын[1]»,- деген. Яғни, «ض» әрпін «дад» болып оқылуы тиіс. Ал кейбір имамдардың «зад» деп «за» әрпіне жақын оқуы намазды бұзбайды.

 [1]Әт-Тәфсирүл кәбир әу мәфәтихул ғайби, лил имам Фахрүддин әр-Рази, 1-том,60-бет.

Абдусамад Оқан

 

Ұқсас материалдар

Хиджаб киетін қыздардың көшеде боянып жүруіне бола ма?

Соңғы сапта жалғыз намаз оқудың үкімі

Өлім шыққан үйде құран оқу шариғатта дұрыс па?

Азаматтық некенің шариғи үкімі қандай?

Намаз біткен соң намазхандардың қол алысуының үкімі қандай?

Пластикалық ота жасату шариғатта дұрыс па?

Қыз беріп, қыз алысуда жеті атаға қарамаса бола ма?

Дуаланған адамды емдеуге бола ма?

Намазда қанша рәкағат оқығаным жайлы күмәндансам не істеймін?

«Фатиха» сүресінде кездесетін «ض» әріпін қалай оқыған дұрыс?

Шаңы бар киімге тәяммүм соғуға бола ма?

  

0 пікір