Ерлі-зайыптылардың бірге моншаға түсулері күнә емес пе?
Ерлі-зайыптылардың бірге моншаға түсулері күнә емес пе?
21.11.2016 12:42
17964
0
Жауап:

Ерлі-зайыптылардың бірге моншаға түсулері күнә емес. Өйткені, Пайғамбарымыздың жұбайы Мәймүнә (Оған Алла разы болсын) Алла елшісімен бірге жуынғандығын айтқан[1].

Тек мынаны ұмытпау керек: монша көбіне жын-шайтандардың мекен ететін орны болғандықтан, моншаға кірер кезде «Бисмилләһ» деп айтқан жақсы. «Бисмилләны» айту арқылы моншадағы адам мен жын-шайтан арасында бейне бір перде пайда болады. Осылайша, ұятты жерлерін олардың (жындардың) сұғынан қорғаған болады.

Әзіреті Әлиден келтірілген бір риуаятта Алла Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Адам баласы оңашаланған уағында («الخلاء» - яғни, әжетханаға яки моншаға кірер кезде) «Бисмилләһ» деп айтса, әурет жерін жындардың сұғынан қорғаған болады»[2].

 

[1] Сахих Мүслим.
[2] Тирмизи - №606 хадис 

islam.kz

0 пікір