Дәрет қалай алынады?
Дәрет қалай алынады?
29.04.2015 11:34
8584
0
Сұрақ:

Дәрет қалай алынады? Кейде су қолданбай-ақ, тазалық қағазын пайдалану жеткілікті ме?

Жауап:

Дәрет сындырған кісі дәрет қалдықтарын тас, кесек немесе тазалық қағаздарымен құрғатады. Себебі, дәрет алып болғаннан кейін іркілген бір тамшы зәрдің шығуы дәретті бұзады. Бұл фықһта «истибра» деп аталады. Ис­тиб­ра дә­рет ал­май тұрып бірер қадам жү­ру, жө­те­лу ар­қы­лы жа­са­ла­ды.

Бірде Алла Елшісі (с.ғ.с.) екі қабірдің қасынан өтіп бара жатып, қатты егіліп жылайды. Қасындағылар не үшін жылағанын сұрғанда: «Олар азап ше­гу­де. Аза­бы үл­кен бір күнә үшін емес. Біреуі кіші дә­рет сын­дыр­ған­нан кейін ис­тиб­ра жа­са­май­тын, екіншісі адамдардың арасында өсек таситын…»[1] деп истибраға селқос қарау қабір азабына себеп болатынын айтқан.

Ханафи мәзһабы бойынша, үлкен дәрет сындырған кісінің астын сумен жууы – сүннет. Егер сындырған үлкен дәреті сұйық болып, дәрет шыққан жердің айналасына жайылған жағдайда сумен жууы – уәжіп. Ал тек кіші дәрет сындырған адамның истибра жасағаннан кейін астын сумен жууы – мүстахаб [2].

Бір хадисте:«Истинжа (истибра) жасағанда, тезек пен сүйекті қолданбаңдар, бұлар – бауырларың жындардың азығы» [3] деген. Яғни, жындардың азығымен дәрет құрғату олардың адамзатқа дұшпандық жасауына себеп болады.

[1] Бу­ха­ри, Уду, 218-хадис.
[2] Молла Әли Қари, Фәтхү бабил ғинәя фи шархи китәбин ниқая, 1-том, 154-155 бет.
[3] Мүслим, Таһара, 263-хадис. 

   Абдусамад Оқан

0 пікір