Бақсы-балгердің айтқандарына сенуге бола ма?
Бақсы-балгердің айтқандарына сенуге бола ма?
29.04.2015 16:32
10501
0
Сұрақ:

Бақсы-балгердің айтқандарына сенуге бола ма?

Жауап:

Қасиетті Құранда: «Расында қиямет күнінің болатын уақыты, жаңбырдың қашан жауатыны, жатырдағы баланың қандай болатыны және  бір нәфсінің (адамның) ертең не істейтіні, қай жерде өлетіні  Аллаға ғана аян. Оны ешкім білмейді. Күдіксіз Алла толық хабардар, бәрін білуші»[1] десе, Айша анамыз (р.ғ.) жеткізген бір риуаятта: «Бірде бір топ адам Алла Елшісінен (с.ғ.с.) сәуегейлер жайлы сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Олардың айтатыны шындық емес»,- деді. Сонда әлгі кісілер: «Уа, Алланың Елшісі (с.ғ.с)! кейде олардың бізге айтқандары рас болып жатады», - деді. Сонда Алла Елшісі (с.ғ.с) оларға: «Ондай ақиқат сөздерді жындардың бірі алдымен (періштелерден) ұрлап алып, кейін оны досының (яғни, балгердің) құлағына сыбырлайды. Ал, балгерлер сол сөзге өз ойынан жүз өтірік қосып (болашақты білетіндей бал ашады)», - деп айтты» [2] деген.

[1] Лұқман сүресі, 34-аят.
[2] Бұхари, Тәухид 57.

0 пікір