Ажырасқаннан кейін балалар кімде қалады?
Ажырасқаннан кейін балалар кімде қалады?
08.05.2015 13:55
4241
0
Сұрақ:

Ажырасқаннан кейін балалар кімде қалады? (ажырасқанбыз, заңды түрде некеде болған емеспіз).

Жауап:

Бірде бір әйел Алла елшісіне (с.ғ.с) келіп: «Уа, Алла елшісі (с.ғ.с)! Бұл менің балам екені ақиқат. Оған құрсағымды жәйлі мекен еттім, омырауыммен сусындаттым және ыстық құшағыма бастым. Маған әкесі талақ беріп жіберді және баламды менен бөліп алғысы келеді» деп, бір бөлігі болған баласын қимай, ажырасып кеткен ерінен шағымдана келеді. Сонда Алла елшісі (с.ғ.с): «Сен басқа біреуге тиіп кетпейінше, оған (балаға) ең лайық жан сенсің»[1] деген.

Ханафи мәзһабы бойынша, ажырасқан ерлі-зайыпты кісілердің арасындағы бала анасына беріліп, әкесі қаржылай көмек жасап тұрады. Егер анасы мұсылман емес немесе жеңіл жүріс сынды жаман қылықтарға бой алдырған, балаға дұрыс тәрбие бере алмайтын біреу болса, онда оған бала берілмейді. Бала нағашы әжесі, нағашы әпкелеріне немесе өз апаларына табысталады[2]. Яғни, балаға иелік етуде әйел затының балаға жанашыр-мейірімділігі мен тәрбие беруде жалықпайтын  сабырлығына көбірек мән берілген.

 

[1] Сүнәну Әби Дәкіт, 2276-хадис.
[2] Хашияту Ибн Абидин, 5-том, 255-бет.

                                                                                 Абдусамад Оқан

0 пікір