ҮНДІСТЕР ДАНАЛЫҒЫ
ҮНДІСТЕР ДАНАЛЫҒЫ
27.03.2017 18:54
2149
0

1. Жақсы адам жақсы белгіні байқайды.

2. Өзіңді есту үшін «үндемес» күндер керек. 

3. Егер өлі атқа мінгеніңді байқасаң, тез түс! 

4. Үндемеген адам көп сөйлегеннен екі есе артық біледі. 

5. Өле білу – «керек». 

6. Өзгені мінеу үшін алдымен өзіңнің етігіңе қара. 

7. Отан деген сенің жаның жай табатын жер. 

8. Айтарың бар болса, орныңнан көтеріл, жұрт көрсін сені. 

9. Дұшпан әрдайым дұшпан емес, дос та әрдайым дос бола бермейді. 

10. Ұнамаған адамды сынамас бұрын ай екі жаңаланғанша оның етігін киіп жүр. 

11. Әлемде әр нәрсенің өз әуені бар. 

12. Перзент – сенің үйіңнің қонағы: асыңды аузына тос, тәрбиеле, жібер. 

13. Уытты сөз дөп түскен балтадан жақсы. 

14. Өлі балықта ағыспен аға алады. 

15. Өмір жан дүниеңнен бастау алып сыртқы әлемге аяқ басады. Осы ойды жетекке алсаң, өзің де ақиқатқа айналасың. 

16. Жанарың жасқа бұланбаса, жаныңда кемпірқосақ пайда болмайды. 

17. Өлім жоқ. Екі дүние арасындағы өткел ғана бар.

18. Балаң тамақтанып отырғанда сөйлес, сол кезде айтқаның сен кеткен соң да есінде қалады. 

19. Улы жылан шағайын деп тұрғанын байқасаң, одан бұрын қимылда. 

20. Әр адам өз жебесін өзі жонуы керек. 

21. Жылқыны кермеге байлағанда, одан күш-қуат жинап алуын күтпейсіз ғой? 

22. Құрбақа өзі мекендейтін шалшықты ішпейді. 

23. Маған айтcаң, мен ұмытамын, көрсетсең, есімде қалмайды, бірігіп істейік десең – мен түсінем.

 

Аударған Шынар Әбілдә

0 пікір