Үлкеннің батасы
Үлкеннің батасы
18.04.2015 09:52
2923
0

     Бір жолы Сарыкөлді жайлап отырған Асау би оны қонаққа шақырыпты. Асау би Бөкеннен 9 жас кіші екен. Өзінің он жасар Тұрлан деген баласына:

     - Бөкен биді шақырамын. Сен тік тұрып қызмет қыл. Қолына су құй, айтқан сөзін тыңда, батасын ал, - дейді. Асау би өзі барып Бөкенді шақырып келеді. Тай сойып бір жұма күтеді. Баласы Тұрлан жүгіріп оған қызмет көрсетеді. Бөкен Асаудан:
     - Мынау мен көрмеген қай балаң? - деп сұрайды.
     - Ең кенжеміз Тұрлан ғой, - дейді.
     - Кенже деме, оның артынан сенде де, менде де туып қалар. Алла жарылқаймын десе, қиын емес, - дейді. Бөкен осыны айтады да, ас-су соңынан Тұрланға:
     - Ең алдымен адам бол, адал бол, азамат бол, білімге бойла, халық қамын ойла, - деп шұбырта бата береді.

Ел айтады:

     - Бөкен би әулие екен. Сол жолғы Асау биге айтқаны айнымай келеді. Асау бидің тоқалы көп кешікпей-ақ екі нәресте көреді. Тұрланы білім жолына түсіп оқымысты болды, ұзақ жыл молдалық етіп, көптеген шәкірттер тәрбиеледі.

 

 

Ұқсас материалдар 

 Қонақ неше түрлі болады?

 Жастарға өсиет

 Үлкеннің батасы

 Құдай қалай еркелетеді?

 Келінді қайтару...

 Неден қорықпау керек?

 Не адал, не мықты?

 Дүние неге сүйенеді?

 

0 пікір