Шындық қайда өзі?..
Шындық қайда өзі?..
01.08.2019 11:28
338
0

Шындықты біреу шыңда дейді, біреу шыңырауда дейді. Шыңдағы Шындық шырқырасаң да түспейді дейді. Шыңыраудағы Шындық шыңғырсаң да шықпайды дейді.

Осыдан мың жыл бұрын Шындықты ұлы шайыр, ұлы сүлей сопы Жалалуддин Руми де іздепті. Сондағы айтқаны мынау: «Мен Шындықты шырақ алып іздедім. Ол Кресте жоқ болып шықты. Мен үндістердің храмына кірдім, ол жерден де Оның із-түсін таба алмадым. Мен Герат пен Қандарға дейін бардым. Іздегенім Шындық еді. Ол көктен де, жерден де табылмады. Мен Қап тауына жеттім, Шындық орнына алдымнан Анка құсы шықты. Одан шығып Қағбаға бардым. Онда да көзіме түсе қоймады. Мен ол жайында Ибн Синадан сұрадым, бірақ ол Әбу Әли Ибн Сина ілімінен де жоғары еді. Ақырында өз жүрегіме үңілдім. Ол сонда жатыр екен».

Расында, Шындық одан басқа қай жерде болушы еді?!..

0 пікір