ШЕЙХ ӘБУ МӘДЙӘННАН ХИКМЕТТІ СӨЗДЕР
ШЕЙХ ӘБУ МӘДЙӘННАН ХИКМЕТТІ СӨЗДЕР
02.12.2021 09:51
645
0

 Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деді: «Алла Тағаладан пайдалы білім сұраңдар. Пайдасыз білімнен Аллаға сыйыныңдар». (Сүнән ибн Мажа)

Ілімдердің ең пайдалысы пенденің дініне және өміріне қатысты міндеттерді білуі.

• Ықылассыздық пен күдік, шүбәнің орны - дүние досының жүрегінде. Зікір мен Алла Тағалаға жақындаудың орны - білімділердің жүрегінде.

• Алладан қорқу рухани қамшы, ол адамды құлшылыққа итермелеп, қарсылық, бүліктен сақтандырады.

• Өзін айырықша санап, биік көретін адам Алла Тағаланы танудың ауылынан алыста.

• Адал адам аманшылық пен ізгілікті тек Жаратқаннан күтеді.

• Ер жігіт дегеніміз, адамдармен қарым-қатынасында Құдіретті Алланы естен шығармайды. Пенделердің өзіне жасаған жақсылықты көреді, жамандықты байқамайды/байқамаған болады.

• Істеген ісін бір Алланың ризашылығы үшін орындаған адам екіжүзділікке ұрынбайды.

• Мұқтаждығын жұртқа айтып үнемі шағымданып жүретіндердің қадірі болмайды, ал білдірмей жүретіндер Алла Тағала мен жұрт назарында қадірлі.

• Хақ жолдан адасудың себебі, мақсатқа жеткізетін жолбасшыға ермей, өз білгенімен әрекет етуде.

• Адамдармен тіл табысқыш, насихат тыңдайтын адам ең мәртебелі дәрежеге жетеді.

• Жеткілікті ілім, білім үйрене алмадым қапа болу жетілудің/өсудің белгісі.

• Нәпсінің жаулығынан Алла Тағалаға сыйынбаған адам нәпсінің құлына айналады. 

• Тәннің диетасы ағзалардың Алла Тағаланың бұйрығына бас июі арқылы жүзеге асады; жүректің диетасы оның Алладан басқаға бейім болмауында; нәпсінің диетасы Алланың әмірлеріне қарсы шықпауда. 

 

 

0 пікір