ҚЫДЫРҒАН ҚАТЫНМЕН КЕТСІН...
ҚЫДЫРҒАН ҚАТЫНМЕН КЕТСІН...
25.02.2021 10:35
1746
0

 Бірде сол Байсерке жігіттерімен жолаушылап келе жатып бір ауылға бұрылады. Ауылдың шет жағын ала көк сазда бір-біріне жалғастырыла тігілен үлкен ақ үйдің сыртында керілген ұзын желіде қырық шамалы құлынның байлаулы жатқанын көріп, сол үйдің алдына келеді. Далаға шыккан үй иесі жолаушылардың әнін салқындау қабылдап, мән-жайға түсінгеннен кейін: "Әйелім көрші ауылға қыдырып кетіп еді, Сіздерге сусын сапырып беретін кісі жоқ", - дейді міз бақпастан.

Жолаушылар байдың сараң екенін сезіп аттың басын бұрып алып ауылдан ұзай береді. Бұл жайдың бәрін естіген бір кедей атқа міне шауып, жолаушыларды куып жетеді де: "Қуыс үйден құр шықпа" деген емес пе, ауылдың үстіне келдіңіздер, ас ауыз тиіңіздер", - деп, оларды үйіне әкеледі. Сусындары қанған Байсерке дастарқан жиярда бата береді: Бес биенің қымызы, Бес дуан елге жетсін, Қырық биенің қымызы, Қыдырған қатынмен кетсін, - аумин! - депті. Бұл батаны әлгі сараң бай есітіп артынан шапса, Байсерке оған қайырылып қарамапты.

0 пікір