Құдай қалай еркелетеді?
Құдай қалай еркелетеді?
14.04.2015 14:13
3942
0

 Сары би ел аралап, әр алуан кісілермен сұхбаттас болып, ел арасындағы жағдайлармен танысып, насихат сөздер айтып, кеңес беріп ел-жұртпен тығыз байланыста жүреді екен.

Ел аралап жүріп, бір үйге түсіп, ауыл кісілерімен әңгіме-дүкен құрып отырады. Сол түскен үйдің шолжаңдау үш-төрт жасар баласы еркелеп, болмашыға жылап, отырған кісілердің мазасын ала береді. Үйдің иесіне Сары би:

- "Баланы - жастан, қатынды - бастан" деген бұрынғылардың сөзі бар. Баланы бұлай еркіне жіберіп еркелетуге болмайды. Сендердің еркелеткендеріңнен ештеңе шықпайды, оны Кұдай еркелетсе ерке болады, - дейді әбден дегбірі кеткендіктен. - Кейбіреулер баланы шолжаңдатып, ақымақ етіп өсіреді, еркеліктің мәнісіне, байыбына бармайды. Сөйтіп санын соғып қалады.
Сендерге мұны мен айтайын, "Кұдай ерке қылса ерке болады" деген сөз, ертең бала өсіп, жігіт ағасы болғанда жолдас-жоралары, ағайын-туыстары еркелетсе, әсіресе қартайып аузынан тісің, беліңнен күшің кеткенде, балаларың, немерелерің, туыстарың еркелетіп бағып-қақса, бұл Құдайдың еркелеткені болады дегенде қасындағы отырған кісілер:
- Биеке, рас айтасыз, пендешілікпен көп нәрсенің парқына бара бермейміз, бұл айтқаныңыз бізге де, келешек ұрпаққа да өнеге болмақ, - деп бәрі қоштау білдіріпті. Сары би сонда тағы да сөзін жалғап:
- Ата-ана лажы болса, балаға қаталдау болып, бағыт-бағдар беріп тіршілікке ертерек баулыған жөн. Өмірдің қиындығын татып өспеген бала, өскенде қиыншылыққа көбірек ұшырайды, - деген екен.

 

Ұқсас материалдар

Қонақ неше түрлі болады?

Жастарға өсиет

Үлкеннің батасы

Құдай қалай еркелетеді?

Келінді қайтару...

Неден қорықпау керек?

Не адал, не мықты?

Дүние неге сүйенеді?

0 пікір