Қ.Қайсеновтың келіні былай деді!..
Қ.Қайсеновтың келіні былай деді!..
10.05.2018 17:13
4600
0

 Атам – бетің бар, жүзің бар демей, бұлтақтамай тура сөйлейтін адам болды. Ол кісі отбасы құндылықтарын ерекше бағалайтын. Мен алғаш келін болып түскенде:

 «Отбасында ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Бірақ сондай кезде сен ашуға булығып, біреудің әлпештеп отырған қызымын деп, есікті тарс жауып, төркініңе кетіп қалушы болма. Қазақта: «Жақсы әйел үйдің берекесі, жаман әйел ердің келекесі» деген нақыл сөз бар. Айналайын, есіңде болсын, тұрмыс құрған бойжеткен төркініне тек қана сағынып, еркелеу үшін ғана баруы тиіс. Жалпы, біздің халықта келін болып түскен қыз әкесінің үйіне жалғыз барса, «Босаға күйеуін жамандайды, енесін жамандайды» деп дірілдеуі мүмкін деген наным-сенім де бар. Мұны естен шығарма»,- деген болатын. Атамның осы сөзінен-ақ отбасындағы сыйластықты бірінші орынға қоятынын байқауға болады, — деді батыр атамыз Қасым Қайсеновтың келіні Ғайша Бейсенова.

 

0 пікір