Қазақстанда ең көп тараған фамилиялар
Қазақстанда ең көп тараған фамилиялар
15.05.2018 11:45
1362
0

Әділет министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда ең көп тараған фамилия — Ахметов. Мұндай фамилиямен 73 627 адам өмір сүреді екен.

 

Екінші орында — Омаровтар, 45 123 қазақстандықтың тегі — Омаров.

 

Үшінші орынға Ким фамилиясының шығуы халықты  таңғалдырды. Мұндай фамилиямен Қазақстанда 42 274 адам тұрады.

 

Ең көп тараған фамилиялардың төрттігіне Оспановтар енген. Бүгінде 41 068 қазақстандық осындай фамилияға ие екен.

 

Бестікті 39 296 адаммен Ивановтар тегі тұйықтап тұр.

 

Одан кейін Әлиев — 36 084 адам,

 Сүлейменов — 33 940,

Ысқақов — 31 988,

Әбдірахманов — 29 091,

 Ибрагимов- 28 755,

 Қалиев — 28 219,

 Садықов — 27 810,

 Ибраев — 26 531,

 Кузнецов — 25 990,

Попов — 24 956,

Смағұлов — 24 005,

Абдуллаев — 23 729,

 Исаев — 22 910,

Сұлтанов — 22 808,

 Юсупов — 22 763,

 Исмаилов — 21 392,

Нұрғалиев — 21 133,

 Кәрімов — 20 575 адам.

Ал Мұрат тегімен Қазақстанда 10 006 адам тұрады екен.

 

 

sputniknews.kz

0 пікір