ӨЗІМДІ ІЗДЕП ЖҮРМІН
ӨЗІМДІ ІЗДЕП ЖҮРМІН
22.08.2019 14:40
2842
0

  Үш жүзді аузына қаратып үлкен абыроймен күн кешкен Әнет баба қартайып, жасы 90-ға келгенде, ел ішіндегі дауларға көп араласпай Құран кәрімді, діни кітаптарды көп оқып оңаша жатады екен. Қоржын-қоржын кітаптарды ақтарып, кейде көзінің жасы сақалын жуып жылап алады, кейде балаша мәз болып күледі екен. Кейде тұңғиық ойға батып, орнынан тұрып ешкімге ештеңе айтпай қыр асып қыдырып кетеді екен. Сондай шақтардың бірінде оған ауыл сыртында жолығып қалған Қазыбек би:

- Әнет баба, не іздеп жүрсіз, кімді іздеп жүрсіз? – деп сұрайды.

- Өзімді іздеп жүрмін, шырағым, - деп жауап қайырады қарт баба. Жас Қазыбек ештеңені ұға алмай аңтарылып тұрып қалады. Сонда абыз былай дейді:

- Түсінбегеніңді біліп тұрмын, өзімді іздеп жүрмін дегенімнің мәнісі мынау, шырағым. Адам баласы Алланың әмірімен жарық дүниеге келгенде пәк, адал, таза күйінде келеді. Өсе келе әрнені көреді, әрнені естиді, жақсыға да, жаманға да бой ұрады. Баяғы пәктігін жоғалтады. Жас ұлғайып қым-қуыт, қызыл-жасыл дүниенің қызығы басылған соң баяғы адал күйіне қайта оралады. Мен қазір қартайдым. Су жорғаны мініп көрдік, сұлу әйелді құшып көрдік, өзен судай тасып та көрдік, өткел бермес дариядан асып та көрдік – бәрі жалған екен. Енді маған ештеңенің керегі жоқ. Баяғы күнәдан пәк адал жүрегім керек. өзімді іздеп жүрмін дегенім осы.

Шешендік сөздер

Жар таңдауға кеңес
Мөңке би қазіргі заман туралы
Күлме досқа
Абай мені жеңген жоқ
Байлық мұрат емес, жоқтық ұят емес
Бөкен би «Жігіттің неше жұрты бар?»
Қонақ неше түрлі болады?
Жастарға өсиет
Үлкеннің батасы
Құдай қалай еркелетеді?
Келінді қайтару...

 

 

 

 
0 пікір