«Мені уылжыған жас әрі асқан сұлу екен деп айт оларға!»
«Мені уылжыған жас әрі асқан сұлу екен деп айт оларға!»
20.01.2020 03:47
353
0

Қу далада жырақ қалған осы бір шалғай ауылда оның жоғы табылды-ау, әйтеуір. Тозығы жеткен ескі үйдегі оттың басында Ақиқат отыр екен.

Ол осыншалық кәрі әрі ұсқынсыз әйел затын ешқашан көрмепті. 

— «Сіз — Ақиқатсыз ба?»,-деп сұрады ол.

Қартайған, қалжыраған сайқал маңғаздана басын изеді.

— «Мен күллі әлемге нені айтуым керек? Нендей хабарды жеткізуім керек»,-деп қайта сұрады. 

Кемпір отқа бір түкірді де оның бетіне тік қарап жауап қатты:

— «Мені уылжыған жас әрі асқан сұлу екен деп айт оларға!»

 

Роберт Томпкинс

Аударған Шынар Әбілдә

 

0 пікір