Күлме досқа
Күлме досқа
06.06.2015 10:34
1295
0
  1.  

Атығай елінің атақты биі Зілқараның  асында қызмет етіп, қонақтардың қолдарына су құйып жүрген бала Шәңкі сүрініп жығылғанда, оны келемеждеп "олжаңнан маған да" деп күлген Мама биге Шәңкі табан астында:

Таңның таң екенін кім біледі,
Сарғайып барып атпаса,
Күннің күн екенін кім біледі,
Қызарып барып батласа.
Орданың орда екенін кім біледі,
Мен сияқты күтуші,
Жығылып-сүрініп жатпаса.
Иттің ит екенін кім біледі,
Жығылып жатқан баланы,
Тақымынан қаппаса, -
деп асқақтап отырған шонжардың аузын аштырмай тастапты.

 

0 пікір