Келінді қайтару...
Келінді қайтару...
06.04.2015 13:48
5039
0

Бір жолы Алдаберген шешен Жүзімдіктің өзенінен өтіп, Шуақбай жотасына өрлеп бара жатса, алдынан бала көтерген бір әйел шығады.
- Қай ауылдан келесің?
- Ақбұлақтан
- Онда кімнің әйелісің?
- Сайырбектің келінімін.
- Сайырбегің қайсы, әлгі Анарбай - орыс Қайырбек шал ма?
- Иә.
- Қайда барасың?
- Шаяндағы төркініме.
- Неге?
- Иесіз қалғырлар күн көрсететін емес, - деп ол күйеуінен, енесінен балағат сөз естіп, таяқ жей берген соң, төркініне қашып бара жатқанын айтады.
Алдаберген:
- Сәл сабыр ете тұр, - дейді. Жан-қалтасынан қағаз, калам алады да, бір ауыз өлең жазып әлгі әйелге береді:
- Ауылыңа қайт, ашуыңды бас, үйіңе барғанда мына кағазды Қайырбек атаңа бер.
- Бұл хатты кім жазды десе, не деймін?
- Алдаберген жазды деп айт.
- Е-е сіз Алдаберген би екенсіз ғой.
- Иә, мен, - дейді де ол жоғарғы таздар ауылына бет алып кете береді.
Балалы әйел ауылына қайтып барады. Әлгі қағазды атасына береді. Атасы қағазды окып қараса:
Қойдан козы туады шөп жейтүғын,
Иттен күшік туады боқ жейтүғын.
Осындай бейсауат сөз сөйлегенге,
Ауылыңнан шықпады ма қой дейтүғын,- деп жазыпты.
Қызарып кеткен Қайырбек келініне:
- Әй, балам-ай, бекер істеген екенсің, бидің мына сөзі сүйекке таңба салатын болды ғой. Оған бәрін айтып нең бар еді? Ол иттерді осында өзіміз-ақ жөнге салатын едік қой, енді қайттік! - деп санын бір соғып отыра кетіпті.

 

Ұқсас материалдар

Қонақ неше түрлі болады?

Жастарға өсиет

Үлкеннің батасы

Құдай қалай еркелетеді?

Келінді қайтару...

Неден қорықпау керек?

Не адал, не мықты?

Дүние неге сүйенеді?

0 пікір