Жігіт туралы
Жігіт туралы
22.08.2019 14:36
2318
0

Жас жігіт надандықпен алданады,
Атақты адам деген малданады.
Байқамай пайдасыздың жолына еріп,
Жолынан өнер-сымбат құр қалады.
Сұлу ат, келте киім, керім-кербез,
Сүйініп сипатына таңданады.
Пысықпын деп көп сөйлеп, мылжың болып,
Ант ішіп бір сөз айтса қарғанады.
Шұғыл мінез, сұмпайы, сөзі әдепсіз,
Біреумен қалжыңдасса шамданады.
Өтірікке өлгенше шебер болар,
Сүйкімсіз мінезбенен заңданады.
Торғай жеп қыран бүркіт тоят алмас,
Опасызға қайтсе жүрек жалғанады.
Өз ойында пәспін деп кім саналмақ,
Мен надан деп айтуға арланады.
Жылпың сөз, күрең қабақ, сып-сырғанақ.
Біреуді алдаймын деп қарманады.
Ақылдының сөзінде жұпары бар,
Ғылыммен тән тазарып жанданады.
Оқудың түзетпейтін адамы жоқ,
Қараңғы мін барларға шам жанады.
Ақылды, аз ашулы, көп пікірлі,
Пайдалы насихатты аңғарады.
Жаманның көрпесінің өлшеуі жоқ,
Әлбетте, артын білмей паңданады.
Аман жұрт бір айыптан табылар ма,
Ақыл көзбен қарасақ хан-қараны.
Білімдінің азығы шикі надан,
Оқымай қайдан жазсын бұл жараны.

Шешендік сөздер

Жар таңдауға кеңес
Мөңке би қазіргі заман туралы
Күлме досқа
Абай мені жеңген жоқ
Байлық мұрат емес, жоқтық ұят емес
Бөкен би «Жігіттің неше жұрты бар?»
Қонақ неше түрлі болады?
Жастарға өсиет
Үлкеннің батасы
Құдай қалай еркелетеді?
Келінді қайтару...
ӨЗІМДІ ІЗДЕП ЖҮРМІН

 

0 пікір