Жастарға өсиет
Жастарға өсиет
20.04.2015 12:53
4512
0

     Шешеннің қартайған шағында ел арасында даулы мәселе болып, соны шешу үшін билік айтуға жастар арасынан адам шыға қоймайды. Соған қынжылған Жанқұтты би:
     
- Қарағайға қарсы бұтақ біткенше, еменге иір бұтақ бітсейші, бір атадан алты жаман туғанша, алты атадан бір жақсы тусайшы, елге тұлға болатын, - деген нақыл сөз айтыпты.
     Жанқұттының жыр үлгісінде айтқан накылдарының бірі мынау екен:

Бір сөз айтсаң жақсыға,
Аталы сөзге тоқтайды.
Бір сөз айтсаң жаманға,
Өмірінде ұқпайды.
Надандықтың белгісі,
Өзін-өзі мақтайды.
Көкірегі соқырға,
Өмірде таң атпайды.
Шешеннің сөзі дария,
Қап түбінде жатпайды.
Тон бітпеске тон бітсе,
Қағуменен тоздырады.
Жаман болса алғаны.
Ер жігітті аздырады.
Жақсыменен сөйлессең,
Құмарыңды қандырады.
Жаманменен сөйлессең,
Көңіліңді қалдырады.
Кез болсаңыз суайтқа,
Өтірік айтып нандырады.
Өсекшімен сөйлессең,
Ұрмай-соқпай талдырады.
Жолдас болсаң сараңмен,
Жол үстінде қалдырады
Жаман болса достарың,
Өзін жауға алдырады.
Жаман болса - жақын жау,
Шайпау болса - қатын жау,
Шабан болса - атың жау,
Тартыншақ болса - түйең жау,
Тебеген болса - биең жау.
Күнде келсе - күйеу жау,
Жымысқы болса - жиен жау,
Тіл алмаса - ұлың жау,
Арсыз болса - қызың жау.
Әйелің жақсы болса -
қонағың мен үйіңнің тұрағы,
Балаң жақсы болса -
екі көздің шамшырағы.
Атың шабан болса -
бұл жалғанның азабы,
Әйелің жаман болса -
дүниенің дозағы.
Балаң жаман болса -
көрінгеннің мазағы.

 

Ұқсас материалдар

 Қонақ неше түрлі болады?

 Жастарға өсиет

 Үлкеннің батасы

 Құдай қалай еркелетеді?

 Келінді қайтару...

 Неден қорықпау керек?

 Не адал, не мықты?

 Дүние неге сүйенеді?

 

0 пікір