Жақсы ұйықтау үшін мыналарды жаса!
Жақсы ұйықтау үшін мыналарды жаса!
22.05.2017 17:40
6498
0

Сау ұйқы – көтеріңкі көңіл күйдің және нәтижелі жұмыстың кепілі. Сондықтан ұйқыңызға еш нәрсе бөгет болмауы тиіс. Жақсы ұйықтау үшін келесі факторларды жою керек.

1.Қапырық. Қапырық бөлмеде ұйықтау қиын. Негізі  температурасы 15-19 градус болатын салқын бөлмеде ұйықтау керек.

2.Жаман жастық. Егер жастық үшін ақша аясаңыз, келесі күні мойыныңыз бен арқаңыз ауруы ықтимал. Сарапшылардың айтуынша, бір жағымен ұйықтайтын адамдар қатты, ал шалқасынан және екпетінен жататындар жұмсақ жастықта ұйықтауы керек.

3.Гаджеттер. Адамдардың көпшілігі ұйқы алдында әлеуметтік желілерге кіреді. Бірақ сарапшылардың  пайымдауынша бұл жаман әдет. Планшет пен телефоннан шығатын көк түсті жарық ағзадан мелатонин (ұйқы гормоны) гормонының шығу қабілетін әлсіретеді.

4.Алкоголь. Бір стақан винодан кейін ұйқыға кету жеңілірек болғанымен, алькогольден ұйқының сапасы төмендейді.

5.Кофеин. Сарапшылар түстен кейін ішкен кофенің ұйқыға жаман әсер ететінін дәлелдеген. Кофені жатардан 6 сағат бұрын  ішу керек.

Дереккөз: www.segodnya.ua

0 пікір