Жапон халқының ұлағатты сөздері
Жапон халқының ұлағатты сөздері
22.06.2017 12:49
2556
0

Ойладың ба? - Істе!, Істедің бе? - Ойланба!

Кеткенді - ұстама! Келетіннен - қателесіп қалма!

Жақсының жауы болған жақсы, жаманның досы болғанша.

Қарапайымдық - ұлы адамға тән.

Жоғарыға көтерілгісі келетін адам - баспалдақ ойлап табады.

Күйеуі мен әйелі қол мен көз тәрізді болуы керек: қол ауырса - көз жылайды, көз жыласа - қол жасын сүртеді.

Алыс сапар да - жақын жолдан басталады.

Әдемі гүлдер - жеміс әкелмейді.

Тек қана жатқан адам - ешқашан сүрінбейді.

Бір жылы сөз - қыстың үш айын да жылы етеуі мүмкін.

Ақымақ пен есуасқа - арқашан жол бер!

Қолыңнан келгенше істе, ал қалған жағы тағдырдың жазғаны.

Күлкі шыққан үйге - бақыт келеді.

Күлімдеген жүзге - ауыр сөз айтуға болмайды.

Суық шай мен суық күрішке - шыдауға болады,

Суық көз қарас пен суық сөз - шыдау қиын.

Қалаған қыз - қабырғадан өтеді.

Сұрау - бір минуттық ұят, ал білмеу - өмірдің соңына дейін - ұят.

Терең өзендер - дыбыссыз ағады.

0 пікір