ЕРКЕК БОЛУДАН КӨРІ ƏЙЕЛ БОЛУ "ОҢАЙ"
ЕРКЕК БОЛУДАН КӨРІ ƏЙЕЛ БОЛУ "ОҢАЙ"
01.04.2020 10:33
1086
0

Бар болғаны сол: 


Баланы туа салу,

оны түнімен емізе салу,

оны өсіре салу,

сосын таңертең ерте тұра салып таңғы асты дайындай салып

балаларды тұрғызып жуындырып,

тамақтандырып,

киіндіріп,

мектепке шығарып салу,

күйеуінің таңғы асын беріп жұмысқа шығырып салу,

сосын өзі жұмысқа барып келу,

арасында тез дүкенге барып оны-мұны əкеле салу,

кешкі асты дайындай салып,

балалардың үй тапсырмаларын орындата салу,

бəрінің кешкі астарын беріп жатқыза салу,

сосын ыдыс аяқтарды тез тез жуып

балалары мен күйеуінің киімдерін үтіктей салу,

үйді таңертен бір, түсте бір, кешке бір сыпырып тазалай салу,

аяқ астынан келіп қалған туыстарға дастарханын жасап,

қазан асып қонақ етіп күте салу.

 

Болды, қалған уақытта БОС.

Бəріне уақыт таба білетін Әжелеріміз,Аналарымыз,  ару əпке -қарындастарымыз аман болсыншы!

 Фейсбук парақшасынан

 

0 пікір