Абай мені жеңген жоқ
Абай мені жеңген жоқ
29.05.2015 16:03
2984
0

 Абайдың әкесі Құнанбай мен қайын атасы Алшынбай шешен үнемі сөзбен қағысып бірін-бірі жеңе алмай жүреді екен. Бір бас қосуда Алшынбай «су сүзілмейді, сүйек  үзілмейді» деген аталы сөз айтады. Сонда 15 жастағы бала Абай жұлып алғандай, «Су неге сүзілмейді батпақ болса, сүйек неге үзілмейді шатпақ болса», - депті.

Сонда Алшынбай: Аға сұлтан! Ұлыңыз сізден асыпты. Сіз мені сөзден жеңе алмап едіңіз. Ұлыңыз мені жеңді депті. Сонда Құнанбай тұрып: «Жоқ, ол менен оза алған жоқ. Егер мені жеңем десе маған ұқсап өзінен  асырып бір ұл таптырсын» деген екен.

 

0 пікір