ЫҚЫЛАС СҮРЕСІНІҢ ІЗГІЛІГІ
ЫҚЫЛАС СҮРЕСІНІҢ ІЗГІЛІГІ
30.01.2023 12:01
429
0

 قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنْ قَرَأَ كُلَّ يَوْمٍ مِائَتَيْ مَرَّةٍ قُلْ هُوَ اللهُ أَحَدٌ مُحِيَ عَنْهُ ذُنُوبُ خَمْسِينَ سَنَةً إِلَّا أَنْ يَكُونَ عَلَيْهِ دَيْنٌ. (ت)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде-кім Қул һуаллаһу әхадты (Ықылас сүресін) күнде екі жүз рет оқыса, егер мойнында қарызы болмаса, елу жылдық күнәсі кешіріледі». (Сүнән Тирмизи)

Ықылас сүресі Мекке мүкәррәмәда түскен. Төрт аяттан тұрады. Ислам сенімінің өзегі  тәухид қағидасын, яғни Алла тағаланың бірлігін және сипаттарын айқын, мінсіз үлгіде білдіретіндіктен, бұл сүре «Ықылас шәріп» деп аталады. Бүкіл тәухид дәлелдері өзінде жинақталғандықтан «Тәухид сүресі» деп те аталады. Нәжат, Мағрифет, Қул һуаллаһу әхад тәрізді жиырмадан астам атауы бар.

Хадисте «Қул һуаллаһу әхад (сүресі) Құран кәрімнің үштен біріне тең» делінеді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) айтқан: «Мен күні-түні үмметіме келетін азаптан қорқатынмын. Ақыры Жәбірейіл (а.с.) маған ‘Қул һуаллаһу әхад’ сүресін жеткізген соң білдім, Алла Тағала бұл сүрені түсіргеннен кейін үмметіме азап бермейді».

Өйткені бұл сүрені оқуды үзбейтін адамның үстінен бүкіл қайыр мен жақсылық нөсердей жауады, ол адамның үстінен тыныштық бүркіп, оны рақым орайды. Алла Тағала оны кешіреді, оған ешқашан азап көрсетпейді.

Ықылас сүресін үнемі оқитын адамның ризығы мол, өмірі ұзақ, берекелі болады. Бұл сүренің құрметіне әр маңызды ісінде Алла Тағала оған жәрдемші болып, жасаған дұғаларын қабыл етеді. Соңғы демі шығарда қатты қиналмайды, рухын жеңіл тапсырады. Қабір азабынан құтылады. Қиямет күні бәрі шошынғанда ол саспайды. Құдіретті Алланың рақымына қауышып, Жәннатта қалаған мекеніне тұрақтайды.

Бұл сүрені оқыған адам үшін Алла тағала түрлі періштеге тапсырмалар жүктейді, олар оны қорғап, ол үшін кешірім өтінеді.(Назили, Хазинәт ул-Әсрар)

0 пікір