«Ықылас» сүресі
«Ықылас» сүресі
27.08.2015 15:48
436536
0

       Меккеде алғаш түскен сүрелердің бірі һәм бірегейі, 4 аяттан тұрады. Атауы мазмұнына байланысты қойылған. Сондай-ақ, мазмұнына байланысты «таухид» сүресі деп те аталған.

       Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім «куль һуә Аллаһу ахад» сүресін оқыса, Құранның үштен бірін оқығандай болады», - деген.

       Бисмиллаһир-рахманир-рахим. «Қул һуАллаһу әхад, Аллаһус-самад, ләм иәлид уә ләм юуләд, уә ләм иәкул-ләһу куфуан әхад».

Мағынасы:

  1. (Оларға) айт: Ол Алла жалғыз (Құдай)!
  2. Алла – Самад (ешкімге және ешнәрсеге мұқтаж емес, керісінше, күллі жаратылыс Оған мұқтаж)!
  3. Ол тумаған да, туылмаған!
  4. Сондай-ақ Оған тең келер ешкім жоқ!

 

 

0 пікір