«Расында, адам баласы тым залым, жақсылықты білмейді» (Аят)
«Расында, адам баласы тым залым, жақсылықты білмейді» (Аят)
14.11.2016 14:48
1187
0

Алла Тағала жер мен көктегі барлық нәрсені адам баласының игілігі үшін жаратты. Сансыз нығметтер берді.

Бұл туралы қасиетті Құранда былай делінген: «Алла көктер мен жердегі барлық нәрсені өз тарапынан (сый ретінде) сендерге бағынышты етті. Әлбетте, ой жүгірте білген қауым үшін мұнда тұнып тұрған ғибраттар бар» (Жасия сүресі, 13-аят).

«Алла көк пен жердегі барлық нәрсені сендерге бағынышты етті. Сондай-ақ, сендерге ашық әрі жасырын түрде қаншама нығмет жаудырды. Мұны көрмедіңдер ме?!» (Лұқман сүресі, 20-аят).

«Алла сұраған нәрселеріңнің барлығын сендерге берді. Алланың нығметтерін санайтын болсаңдар, оларды әсте санап тауыса алмайсыңдар. Расында, адам баласы тым залым, жақсылықты білмейді» (Ибраһим сүресі, 34-аят).

«Алланың нығметтерін санайтын болсаңдар, мүмкін емес, оларды әсте санай алмайсыңдар. Расында Алла аса кешірімді, өте мейірімді» (Нахл сүресі, 18-аят).

Адам баласына берілген күллі нығметтің шынайы қожайыны – Алла Тағала. Бұл туралы Құран Кәрімде:«Нығмет ретінде сендерге жеткен барлық нәрсе Алладан келді» (Нахл сүресі, 53-аят) делінген.

0 пікір